В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

04 Қараша 2019
Қарағанды облысында ауылдар дамып жатыр

Қарағанды облысының үш ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша жолдар, ауруханалар мен мектептер жөнделеді, электр және кәріз желілері қайта жаңартылады. 2019 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 1 млрд.489,1 млн. теңге бөлінді.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы жалпы ел бойынша осы жылдың ақпан айында бастау алды. Өңірлерде өсу және тұрақты даму нүктелері болуы тиіс әлеуетті ауылдар анықталды. Арнайы жоба олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өмір сүрудің қолайлы ортасын құруға көмектеседі.
Қарағанды облысында үш ауданға басымдық берілді. Бұл Жаңаарқа ауданындағы Атасу кенті, Нұра және Ұлытау кенттері.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының облыста қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Әбішева аппараттық жиналыста баяндады.
Атасуда қазір 2 жоба аяқталуда. 8 жұмыс орындалды. Мұнда көшелер жөнделіп, электр желілері өткізілді, 60 жарықтандыру тіректері орнатылды. Сонымен қатар қазандық, тазарту құрылыстары мен балабақша жөнделді.
Нұра ауылында 5 жоба аяқталды, тағы бір жоба жұмыс істеуде. Аудан орталығында үш көшеде шам бағаналар орнатылды, стадион, өлкетану мұражайы және балалар өнер мектебі жөнделіп, кент ішіндегі бес жол ретке келтірілді.
Ұлытау ауылында жоспарланған он жобаның алтауы аяқталды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ғимаратының қасбеті, эстрада, балабақша, №1 мектеп, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ретке келтірді. Сәтпаев көшесі бойындағы кентішілік жол жөнделді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек барлық әкімдерге 2020 жылға арналған жобалардың қосымша тізбесін және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына енген әрбір елді мекен бойынша Дамудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»