В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

05 Қараша 2019
Қарағандылық оқушылар "Менің кіші Отаным" республикалық конкурсының жүлдегерлері атанды

Қарағанды оқушылары ІІ Республикалық "Менің кіші Отаным" зияткерлік сайысында жүлделі орындарға ие болды. Ол Алматыда Әл –Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында өтті.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісінде қатысушылар Қазақстан тарихы бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде олар бірден төрт номинация бойынша жарысты: "Менің кіші Отанымыздың тарихы" (елді мекеннің тарихы туралы бейнерепортаж), "Кіші Отанымыздың символы" (жануарлар, өсімдіктер, адам, құбылыстар және кіші Отанға деген сүйіспеншілікті бейнелейтін басқа да бір нәрсе туралы бейнетаныстырылым), "Менің кіші Отанымның болашағы" (макеттің тұсаукесері) және "Менің туған өлкем" (өз елді мекені туралы эссе).
Қарағанды облысынан Алмат Қордабай ("Дарын" мектебі), Нұрасыл Мұқан ("Мұрагер" мектебі), Ермұрат Құлатай (№1 Білім Инновация лицейі) және Жанара Жұмаділда (Жаңаарқа ауданының Ю. Гагарин атындағы мектебі) қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша "Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясы бойынша Жанара Жұмаділда екінші орынға ие болды. Ал "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша үшінші орынды Нұрасыл Мұқан иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар берілді.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»