В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

06 Қараша 2019
Қарағандылықтар медициналық сақтандыру қорына 788 млн тенгеден астам салым аударды

Қазан айында қарағандылықтар медицинаға 788 млн теңгеден астам қаржы аударды. Бұл сома медициналық сақтандыру қорына өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің төлеген жарналары мен жеке кәсіпкерлердің жасаған аударымдары.
Облыстың өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарының бірыңғай жиынтық төлемі (БЖТ) аударудың жалпы сомасынан 1, 270 млн теңгені құрады. Өңіріміздің 3400-ден астам тұрғыны медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың осы тәсілін таңдады. Олар ай сайын облыстық маңызы бар қалада тұратын болса 2525 теңге (1 АЕК) немесе басқа елді мекендерде тұратын болса 1263 теңге (0,5 АЕК) төлейді. Бұл ретте соманың 40%-ы медициналық сақтандыру қорына, 30%-ы зейнетақы аударымдарына, 20%-ы әлеуметтік сақтандыруға, 10%-ы жеке табыс салығына түседі.
- БЖТ төлеушілер сны күн санап артып келеді. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың бұл түрі тұрақты табысы жоқ, ресми жұмысқа орналаспаған азаматтарға, мысалы, күтушілерге, репетиторларға, қосалқы шаруашылық иелеріне қолайлы. БЖТ төлей отырып олар 2020 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен басқа медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне қол жеткізе алады, - дейді "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»