В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Шет ауданының оқушы "Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам" республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Қарағанды облысының Шет ауданынан келген 7 сынып оқушысы Әділхан Жетпісұлы "Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам" республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

Талдықорған қаласында өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 160 дарынды бала қатысты. Олар өз жобаларын тоғыз номинация бойынша қорғады:
- қолданыстағы автокөлік үлгілерін әзірлеу саласында техникалық құрастыру;
- өндіріс саласында техникалық құрастыру;
- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласында техникалық құрастыру;
- әскери техника саласындағы техникалық құрастыру;
- су көлігі саласында техникалық құрастыру;
- құрылыс саласындағы жобалар;
- Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар;
- авиация саласындағы жобалар;
- ғарыш және аэроғарыштық техника саласындағы жобалар.

Шет ауданының Ж. Ақылбаев атындағы эксперименттік мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Әділхан Жетпісұлы "құрылыс саласындағы жобалар" номинациясы бойынша І дәрежелі диплом алды.
Әділханның жобасы "Аюлы смарт-ферма" деп аталады.
- Мен ауылда тұрамын, сондықтан да өз жобамызды мал шаруашылығымен байланыстыруды шештім. Мал дегеніміз - киім, тамақ, көлік. Менің "Аюлы смарт ферма" жобам жылқы шаруашылығына арналған. Ол қазіргі заманғы технологиялар мен Жасыл экономика арқылы жылқы басын арттыруға көмектеседі. Өз жобамда мен өмір сүрудің жеңілдетілген жолын ұсындым, - дейді Әділхан Жетпісұлы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар табыс етілді. Олардың оқытушылары алғыс хаттармен марапатталды.
Байқауға қатысушылар үшін танысу кеші мен ойындар ұйымдастырылды. Олар үшін Талдықорған қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жүргізілді.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша "Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам" атты Республикалық инновациялық идеялар байқауы өтті. Шараны Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы облысының білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»