В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Бейнелеу өнері мұражайында Людмила Смирнованың жеке көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Людмила Смирнованың жеке көрмесі ашылды.

Көрме суретшінің мерейтойына арналған. Экспозицияда 40-тан астам акварель жұмыстары қойылған.
- Людмила Смирнова монументалды өнерде де жұмыс істеді, оның суреттері де бар, бірақ акварель оның шығармашылығындағы негізгі бағыт. Тек осы техникада орындалған оның суреттер көрмелері бізде жиі болып тұрмайды. Сондықтан барлықтарыңызды осы қызықты жұмыстарды көруге шақырамыз. Оған қоса, экспозиция 23 қарашада аталып өтетін Бүкіләлемдік акварель күні қарсаңында ашылды, - дейді бейнелеу өнері мұражайының директоры Бибігүл Құдабаева.

Людмила Смирнова Орталық Қазақстанның акварельді кескіндеме шеберлерінің бірі. Акварельге суретші кейіннен ғана, өзі үшін бейнелеу өнерінің негізгі постулаттарын анықтап алған соң ғана көшкен. 1980 жылдардың екінші жартысы оның әрі қарай шығармашылығы үшін анықтаушы уақыт болды. Орта Азия республикалары бойынша достарымен, Балтық жағалауы, Ресей, Польша, Үндістан қалалары бойынша бірнеше этюдттік сапарлар, "Карлаг жолдары бойынша" Бүкілодақтық акварельдік тобының құрамындағы елеулі жұмыс, Сарыарқаның дала өлкелері бойынша саяхаттардан алған әсерлері оған акварель кескіндеме саласында елеулі дарындылықты ашуға көмектесті. Суретшінің осы жұмыстарының барлығын оның жеке көрмесінен көруге болады.

- Мұнда 90-шы жылдардан бастап кезең жұмыстары жинақталған. Ол уақытта, бір қызығы, суретшілерге ерекше назар аударылатын. Сол кезде біз бұрынғы ТМД және Қазақстан бойынша көп сапарлар шектік. Менің стиліс жылдар бойы өзгермейді, мен бұрынғыдай сурет саламын. Акварель - бұл күтпеген техника. Бір жағынан, ол қарапайым, бірақ екінші жағынан - күрделі және өте ерекше. Бірдеңе жаза бастайсың, кенеттен су мен бояу сені басқа жаққа апарады, сен оны қабылдайсың және одан қандай да бір көлемді, содан кейін затты және т.б. мүсіндейсің. Ал кейде мақсатты түрде бірдеңе салу керек, - дейді Людмила Смирнова.

Суретшінің жеке көрмесі 17 қарашаға дейін жалғасады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»