В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Қарағандыда дәстүрлі орындаушылар арасында Мәди Бапиұлы атындағы республикалық байқау өтуде

Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы IV республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы басталды. Шараның ашылу салтанаты "Сарыжайлау" кинотеатрының залында өтті.


- Біз Мәди Бапиұлының шығармашылығын насихаттауымыз керек. Жәнеде бұл ретте сіздер, жас орындаушылар бізге көмектесесіздер, – деді қазылар алқасының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайрат Байбосынов. - Сіздер оның әндерін келесі ұрпаққа үйретіп, оның орындалу дәстүрін жалғастырасыздар.

Биылғы жылы байқауға 40 өтінім келіп түсті. 34 қатысушы іріктеу кезеңінен өтті. Олар екі күн бойы дәстүрлі әндердің үздік орындаушысы атағы үшін сайысқа түседі.
Байқауға қатысушылар Нұр-Сұлтан, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Алматы, Семей және Қарағанды облыстарынан келді. Додаға 17-ден 40-қа дейінгі жас аралығындағы орындаушылар қатысты. Екі турда олар үш ән орындайды, олардың бірі Мәди Бапиұлының туындысы болуы тиіс.
- Бұл байқауға мен үшінші рет қатысудамын. Менің ойымша, жақсы дайындалдым. Мен Мәди Бапиұлының бірнеше әндерін білемін. "Шіркін-ай" мен "Үшқараны" орындаймын, - дейді алматылық қатысушы Нұрсұлтан Елемесов.
- Мен Қарағанды облысында тудым, бірақ бұл байқауға Алматы қаласының атынан қатысамын. Оған алғаш рет қатысамын. "Жиырма бес" және "Әупілдек" халық әндерін, Асеттің "Қысмет" әнін, Ақан серінің "Мақпал" әнін, сондай-ақ Мәдидің "Шіркін-ай" және "Қаракесек" әндерін дайындадым, - дейді байқауға қатысушы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 3 курс студенті Диана Алтайқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Ғаббас Айтпаев, Манарбек Ержанов мәртебесін асқақтатқан дәстүрлі халық әні мектебінің екі ғасырлық тарихы бар. Қазақ ақыны, әнші, композитор Мәди Бапиұлы бала кезінен домбырада ән айтып, домбырада ойнаумен танымал болды. Белгілі суырыпсалма әнші Ақан серімен және Біржан салмен кездесіп, оларға Мәди өз өнерін көрсеткен, олардан тәлім алған.
Мәди Бапиұлының шығармашылық мұрасы толығымен жиналған жоқ. Оның әндерін Е. Г. Брусиловский "Қаракесек", "Ширкин-ай", "Мәди", "Қыз Жібек" секілді алғашқы Қазақ ұлттық операларында қолданған.

7-8 қарашада байқау "Шалқыма" концерт залының сахнасында өтеді.
8 қарашада сағат 18.30-да жеңімпаздарды марапаттау және гала-концерт өтеді. Көрермендерге кіру тегін.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»