В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Қарағандылықтар медициналық сақтандыру мәселелерімен байланыс орталығына жүгіне алады

Қарағанды облысының тұрғындарынан 2 айда медициналық сақтандыру байланыс орталығына 300-ге жуық қоңырау келіп түсті. Олар 1406 нөміріне кеңес алу және медициналық ұйымдарға шағым беру үшін қоңырау шалған.
Ең танымал мәселелердің қатарында – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қалай медициналық сақтандыру қатысушылары болу керек, кім медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, егер тексеру кезінде "сақтандырылмаған" мәртебесі анықталса, не істеу керек деген сауалдар бар.
- Адамдардың қазір өз мәртебесін тексеру қаншалықты маңызды екенін түсінуі өте маңызды. Мұны ХҚКО арқылы, fms.kz Қор сайтында, сондай-ақ SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы жүзеге асыруға болады. Егер "сақтандырылмаған" деген мәртебе болса, ал сіз сақтандырылғаныңызға сенімді болсаңыз, онда1406 нөміріне қоңырау шалып, не болғанын анықтау керек. Жұмыс беруші сіз үшін ақша аудармаған немесе сіз өз бетінше жұмыспен айналысушы қызметкер бола тұра, төлемді өздері жіберіп алмауы мүмкін, - дейді Қарағанды облысы бойынша "Медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.
Жиырмаға жуық қоңырау нақты медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге шағым болды. Өңір тұрғындары облыстың бірнеше емханалары мен ауруханаларында медициналық қызмет сапасына көңілі толмайтынын мәлімдеген.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»