В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Қарағандыда жаңа күндізгі стационар ашылады

Қарағандыда сегіз төсектік жаңа күндізгі стационар ашылады. Бұл Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының филиалы.
Жаңа клиника қараша айының соңында Лобода көшесі, 43 мекен-жайы бойынша іске қосылады. Ол "Денсаулық" бағдарламасы бойынша амбулаториялық және стационарлық емді алмастыратын көмек көлемін кеңейту үшін ашылды.
Стационар екі ауысымда жұмыс істей бастайды. Жалпы тәжірибедегі төрт дәрігер күн сайын қабылдау жүргізеді, салалық мамандар кесте бойынша кеңес береді.
Клиникада дәрігерлер мен емделушілерге қажетті барлық жабдықтар бар, дәрігерге дейінгі, тексеру және емшара кабинеттері жабдықталған, онда анализдер тапсыруға және инъекция алуға болады.
- Күніне 16 адам стационарда емделіп, 40 адам дәрігердің қабылдауында болады. Егер инъекция мен анализге, дәрі-дәрмектерге рецептер үшін келетін пациенттерді ескерсе, онда клиника күніне шамамен жүздеген адам қабылдай алады,-дейді қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының директоры Татьяна Баширова.
Жаңа клиника Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына (бұрынғы №2 поликлиникаға) тіркелген адамдарға қызмет көрсетеді.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»