В Осакаровке:  -9°C , Влажность 39%, Давление 728, ветер 5 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Қараша 2019
Қарағанды облысында халықаралық турнирге аушы құстар мен тазылары бар 80-нен астам аңшы келеді

"Ұлы дала мұрасы" халықаралық турниріне Қарағанды облысына Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстанның 13 облысынан, сондай-ақ Монғолия мен Қырғызстаннан 80-нен астам қатысушы келеді. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған бүркітшілер мен тазы аңшы иттері сайыстары 8-10 қараша күндері Шет ауданында Ақсу-Аюлы аудан орталығына жақын орналасқан Қара-төбе шоқысында өтеді.
Турнирдің ұйымдастырылуы мен егжей-тегжейі туралы белгілі бүркітші, спорт ардагері Тілеуқабыл Есембекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.
Спикердің айтуынша, Сәкен Сейфуллиннің құрметіне арналған бүркітшілер турнирі - бұл ұлы қайраткерге құрмет қана емес. Жазушының әкесі аң аулап, қыран құстарды баптаған.
- Сәкен Сейфуллинге арналған алғашқы турнирді 1993 жылы өткіздік. 11 жыл өткен соң екінші турнир ұйымдастырылды. Қазақстанда бүркітшілердің халықаралық турнирлері 90-шы жылдардан бері өткізіліп келеді. Солардың бірі Абайдың 150 жылдығына арналған сайысқа Германия, Австрия және Чехиядан қонақтар келген болатын. Осыдан кейін бізді Австрияға шақырды, - деді Тілеуқабыл Есембекұлы.
Аушы құстармен ұлттық аң аулау қазақстандықтар мен шетелдік туристердің арасында тамылдылыққа ие болды, деп атап өтті спикер.
Ол Қарағанды облысындағы халықаралық турнирдің ұйымдастырушыларына жақсы дайындықтары үшін алғысын білдірді.
- Басты мақсат - ұлттық мұрамызды көрсету, аушы құстар мен қазақтың тазыларымен аң аулауды насихаттау, - деп атап өтті Тілеуқабыл Есембекұлы. - Жарысқа атақты бүркітшілер де, кейіннен айналысып келе жатқан спортшылар да қатысады. Ақановтар әулетінің өкілі өз сұңқарымен өнер көрсететін болады. Қарағандылық Мақпал Әбдіразақова, атақты бүркітші әйел, бұл турнирге қатыспайды. Бірақ оның ағасы долаға түспек. Бұл турнирдің ерекшелігі - тазылар жарысы болады. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарынан жиналған 30 қатысушы өз иттерін таныстырады.
Спикердің айтуынша, жарысты өткізу үшін орын таңдау кезінде қауіпсіздік басты өлшем болып табылады. Алаңның жанында электр желісі болмауы тиіс. Қашықтықты сақтау үшін үлкен аумақ қажет. Аушы құстар мен иттердің бір учаскеде қиылысуына жол берілмейді.
Ашылу рәсіміне Сәкен Сейфуллиннің немересі, Қазақстанның ғарышкер-батырлары және басқа да құрметті қонақтар шақырылды.
Бағдарламада бүркітпен, сұңқарлармен және қаршығалармен өнер көрсету: қолдарына жүру (300 метр), Түлкі муляжын аулап алып келу (шұңқырға), еркін ұшу, көгершіндер мен қояндарды аулау; иттердің 350-400 метрге жүгіруі, аң ізін табу секілді сайыстар қарастырылған.
Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар, медальдар және кубоктар алады.
Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР этнокөрт қауымдастығы, Қарағанды облысының әкімдігі, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Қансонар" РҚБ және Шет ауданының әкімдігі ұйымдастырады.
Құстармен аң аулау ерте аң аулау өнері болып саналады. 2010 жылы бұл ұлттық спорт түрі ЮНЕСКО Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізілді.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»