В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

11 Қараша 2019
Қарағандылық дәрігерлер емдеу стандарттарынан сирек ауытқуда

Қарағанды облысында дәрігерлердің диагностикалау мен емдеу стандарттарынан сирек жағдайларда ауықтуы байқалуда. Бұл туралы Міндетті медициналық сақтандыру қорының аймақтық филиалында хабарлады.
Стандарттардың сақталуын Қор мамандары онлайн режимінде қадағалайды. Егер дәрігер тексеру хаттамасы бойынша қажетті препаратты тағайындамаса немесе емдеу үшін стандарт бойынша ұсынылған препаратты таңдамаса, онда КМАЖ бірыңғай ақпараттық жүйесінде тиісті хабарлама пайда болады. Қордың мамандары дереу дәрігермен байланысады, қажет болған жағдайда тіпті тексеруге шығады. ММСҚ филиалдары дәрігерлердің іс-әрекеттерін 2018 жылдың басынан бастап бақылай бастады.
Жүйе алғашқы нәтижелерін де беріп отыр. 2019 жылдың 9 айында КТ, МРТ, медициналық-генетикалық зерттеулер және басқа да процедураларды жүргізу кезінде 1415 ақау анықталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде ондай қателіктер жеті мыңнан астам болған. Сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің ақаулары екі есеге қысқарды.
- Қор тұрақты негізде стационардағы, күндізгі стационарда емделген жағдайларға, емхана деңгейінде көрсетілген диагностикалық қызметтерге мониторинг жүргізеді. Бұл ретте сараптама барлық жүргізілген диагностика мен емдеу жайттарының 10-15%-ға жуығын қамтиды. Егер мониторинг нәтижелері бойынша дәрігер пациентті стандарт бойынша емдеп, хаттамадан не үшін бас тартқанын түсіндіре алмаса, онда ол жұмыс істейтін мекеме осы науқасты емдеу үшін төлем алмайды. 2019 жылдың 9 айында анықталған ақаулар үшін аймақтың медициналық ұйымдары 27 млн теңгеден астам қаржы алмаған, - деп хабарлады медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»