В Осакаровке:  -15°C , Влажность 86%, Давление 726, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

14 Қараша 2019
Қарағанды облысында аграрийлердің мәселелері шешілуде

Қарағанды облысының билік өкілдері ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің нақты мәселелерін шешуге көмектесу үшін «қол режимі» әдісін таңдады. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің басшылығымен кездесті. Оған келген ірі кәсіпорындардың өкілдері мен шаруа қожалықтарының басшылары тікелей өз сұрақтарын қоя алды.
- Ағымдағы жылы Холдингтің даму институттары арқылы біздің облыс үшін 22,6 млрд теңге кредиттік ресурстар қарастырылған, бұл 2018 жылға қарағанда 5,6 млрд теңгеге артық. «ҚазАгро» филиалдары 11 мыңнан астам ірі қара мал, 18 мың ұсақ мал, 5 мың жылқы және 650 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алуды қаржыландырды. Сонымен қатар, біздің фермерлерде несие алу кезінде кездесетін проблемалық мәселелері бар, - деді Жеңіс Қасымбек.
«ҚазАгро» Холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашүкеевпен бірге Қарағандыға барлық еншілес ұйымдардың басшылары келді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Әрбір өтініш бойынша мәселені шешудің мүмкін жолдары айтылды.
Мысалы, ұн тарту кәсіпорындары «қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасына қолжетімділіктің жоқтығына шағымданды. Облыс әкімі орталық органдарға бағдарламаны түзету қажеттігі туралы хат жазуды тапсырды.
Жиналысқа қатысушылардың пікірінше, кездесу барлық тараптар үшін пайдалы әрі нәтижелі болды.
- Бұл, әрине, оң нәтиже береді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді уақытында несиелеу өндіріс көлемінің артуына, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді, - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.
Кездесуден кейін холдинг делегациясы жергілікті жерлердегі жағдаймен танысу үшін бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»