В Осакаровке:  -15°C , Влажность 86%, Давление 726, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

14 Қараша 2019
Литва елі Қарағанды облысымен экономикалық ынтымақтастықты дамытпақ

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Васюлис Гинтаутаспен кездесті. Дипломатпен бірге Паневежис қаласының мэрі Миколас Ритис бастаған литвалық бизнесмендер делегациясы келді. Ресми қабылдауда экономикалық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
- Литва Республикасы Орталық және Шығыс Еуропа елдері арасындағы Қазақстанның сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады, - деді аймақ басшысы. - 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының сыртқы сауда айналымы шамамен 4 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне, оның ішінде Литваға экспортталады. Алайда Сіздердің елдеріңізбен тауар айналымы айтарлықтай үлкен емес - 2,4 млн АҚШ доллары. Менің ойымша, бұл салада әлеует әлдеқайда жоғары.
Облыста көтерме және бөлшек сауда саласында үш кәсіпорын жұмыс істейді, деп толықтырды әкім.
Ол бизнес-қоғамдастықтардың кездесуі іскерлік қатынастардың дамуына серпін беретініне сенім білдірді. Өзара қызығушылық қонақ үй бизнесі, сауда және логистика саласындағы жобалар болуы мүмкін, деп есептейді Жеңіс Қасымбек.
- Біз өңірлік деңгейде ынтымақтастықты күшейтуді жөн көрдік, - деп атап өтті Васюлис Гинтаутас мырза. - Қарағанды облысы - ірі индустриялық аймақ. Біз үшін ол тарихи себептермен де жақын болып табылады. Қарағандыны әр литвалық азамат біледі. Тоталитаризм кезінде 130 мыңға жуық отандасымыз Қазақстанға, оның ішінде Қарағанды облысына жіберілді. Отанына оралған жерлестеріміз қиындықтар мен сол жылдардағы ауыртпалықты ғана емес, жандары қиналған кезде көмек көрсетіп, ажалдан аман алып қалған қазақтарды жылылықпен еске алады.
Дипломат литвалық бизнесмендердің келген миссиясы туралы да баяндады. Паневежис Литваның өнеркәсіптік орталығы және көлемі жағынан бесінші қаласы болып табылады, деп атап өтті елші. Делегация құрамында азық-түлік өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі, логистика және басқа салаларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер болды.
- Біз өзімізді Қазақстан мен қазақстандық өндірушілер үшін Еуропаға шығар терезе ретінде көреміз. Ал Қазақстанды Орталық Азияға, Еуразиялық экономикалық одақ және біздің өндірушілер үшін Қытайға шығар терезе сияқты көреміз, - деп мәлімдеді Васюлис Гинтаутас мырза.
Литва делегациясы жергілікті кәсіпкерлермен де кездесті. Бизнес-форум өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»