В Осакаровке:  -15°C , Влажность 86%, Давление 726, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

15 Қараша 2019
«Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» экспедициясының қорытындысы: Қарағандыда фотоальбом мен фильм көрсетілді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» атты ғылыми-танымдық экспедицияның қорытындысы туралы айтылды. Ол 23-29 қыркүйек аралығында өтті. Экспедиция қатысушылары Орталық Қазақстандағы Алтын Орда дәуірінің ескерткіштерін зерттеді.

- Қарағанды облысында ғылыми-танымдық экспедиция Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтті. Жиналған материалдардың арқасында «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» атты ғылыми-танымдық фильм түсіріліп, фотоальбом шығарылды. Сондай-ақ, тарихи-этнографиялық туризмді дамытуға ықпал ететін Алтын Орда ескерткіштеріне туристік бағыт дайындалды, - деді Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев.

Ернар Танабаев пен Вероника Боярованың «Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» фильмінде тарихи ескерткіштер туралы айтылады. Олардың қатарында Хан ордасы, Жошы ордасы, Жошы хан, Алаша хан, Аяққамыр, Болған Ана, Белен Ана, Құлан Ана, Келінтам кесенелері бар.

Әзірленген туристік маршрутқа жол белгілері, Алтын Орда дәуіріндегі киелі нысандар туралы карталар мен буклеттер кіреді.

Экспедицияның қалай өткені туралы арнайы дайындалған көрмені көріп білуге болады. Онда мұражай экспонаттары, сондай-ақ қатысушылардың бірі Мәдихан Қалмахановтың жасаған фотосуреттері мен картиналары қойылған.

- Мұнда оның бес суреті мен этюдтері қойылған. Өткен жылы Болған Ана кесенесінен тапқан алтын тостағанды да көруге болады. Жақында ғалымдар оны біздің мұражайға тапсырды, - дейді тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

«Ұлытау – Алтын Орданың бесігі» ғылыми-танымдық экспедициясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жастар жылына орайластырылған. Ұйымдастырушылар Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы болып табылады.

Экспедицияға қатысушылар қатарына Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының, Жезді кентінің тау-кен және балқыту ісі мұражайының, Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының, С.Торайғыров атындағы Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғалым-тарихшылары, ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі Қарағанды облыстық орталығының қызметкерлері, студенттер, өлкетанушылар, тілшілер-блогерлер, суретшілер, географтар, түсіру тобы кірді. Барлығы экспедицияда 30 адам болып қайтты.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»