В Осакаровке:  -15°C , Влажность 86%, Давление 726, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

19 Қараша 2019
Сарапшылар «Гендерлік теңдік стратегиясы аясындағы ерлер мен әйелдердің теңдігі» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтты

Қарағандыда гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған жобаның қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтылды. Жоба қатысушылары баспасөз конференциясында ауылдық аудандарда жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

- 2015 жылдан бастап біздің еліміз БҰҰ-ға мүше болды. Осыдан кейін Қазақстанның әлемнің дамыған 30 еліне кіруін қамтамасыз етуге тиіс бағдарлама қабылданды. Бұл үшін белгілі бір критерийлерге сәйкес келу қажет. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл біздің мемлекетіміздегі міндетті түрде орындалуы тиіс орнықты дамудың 17 мақсаты. Олардың 12-і - гендерлік-сезімтал мақсаттар, - дейді "Озарение" ҚҚ президенті, «Гендерлік теңдік стратегиясы аясында ерлер мен әйелдердің теңдігі» жобасының жетекшісі Татьяна Савицкая.

Ол сондай-ақ нақты елді мекен немесе аймақ туралы әңгіме болғанда қандай факторларды ескеру керектігін айтты.

- Әрине, менталитеттің ерекшелігін, халықтың құндылықтары мен қажеттілігін назарға алу керек. Біздің сарапшылар осы басым бағыттарды алға қоя отырып, облыс өңірлерін аралап өтті. Осы жылы олар Шет, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал,Сәтпаев және Балқаш қалаларында болып қайтты. Бұл жерлерде бұрын әйелдердің, әсіресе көп балалы аналардың наразылығы байқалған болатын. Бізді бүгінгі таңда бұл әйелдер не істей алады деген сауал қызықтырды. Олар өңірді дамытуға белсенді қатысуға дайын ба? Біздің өмірімізді жақсы жаққа өзгертуді қалайтын әйелдер өте көп. Қазір мемлекеттік қолдаудың көптеген бағдарламалары бар, әсіресе кәсіпкерлік саласында әйелдерге өз ісін табуға мүмкіндік зор,- дейді Татьяна Савицкая.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жұмыс барлық аудандарда тиісті деңгейде жүргізілмей отыр.

- Жоба аясында біз Қарағанды облысының аудандарында көптеген іс-шаралар, семинарлар мен тренингтер өткіздік. Әлеуметтік осал топтағы әйелдермен кездестік. Олардың басты проблемасы-жұмыссыздық, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын білмеу немесе түсінбеу. Сондықтан осы әйелдер үшін түсіндіру жұмыстарын, семинарлар мен курстар өткізу қажет, - деп атап өтті жобаның сарапшысы, әлеуметтану докторы, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі, ғылыми жобалардың жетекшісі Айгүл Бейсенова.

Татьяна Савицканың айтуынша, жоба жүзеге асырылып жатқан үш жыл аралығында үлкен көлемде ақпарат жиналды. Осы деректердің барлығын сарапшылар алдағы уақытта жұмыстар атқару үшін ұсынымдар түрінде билікке ұсынуға дайын екендерін жеткізді.

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»