В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

07 Желтоқсан 2019
Қарағандылық ЖОО-да парасаттылық мектептері ашылды

Қарағанды жоғары оқу орындарында парасаттылық мектептері пайда болды. Жоба жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және жаңа формациядағы жас басқарушыларды дайындау мақсатында іске қосылды. Қоғамда заңдылық, әділдік және адалдық қағидаттары алға жылжуда.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде парасаттылық мектебінің ашылуына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Денис Шакенов қатысты.
Университет ректоры Бахыт Жәутіковтың айтуынша, ЖОО сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен тығыз байланыста. Студенттер сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған акцияларға белсенді қатысады, деп атап өтті ол.
Парасаттылық мектебінде өз деканы бар. Оқыту курсы білім беру-ағартушылық және шығармашылық бағдарламаларды біріктіруді көздейді. Дәріскерлер студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнама туралы айтып береді. Сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін командалық жобалар әзірленді. Тапсырмалар әртүрлі модельделген жағдайларда мәселелерді шешуге құрылған.
Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар сертификаттар алады. Жаңа құрылым университет үшін ғана емес, қаланың басқа да ұйымдары үшін ресурстық орталық болады деп жоспарлануда.
Алик Шпекбаев пен Жеңіс Қасымбек студенттермен кездесті. Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға байланысты сұрақтарын қойды. Оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында халықаралық нормаларды қолдану қызықтырды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылары мен облыс әкімі сондай-ақ ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына барды. Мұнда болашақ полицейлер үшін парасаттылық мектебі жұмыс істейді. Жоба ІІМ реформаларының жол картасы негізінде ведомстволар мен жұртшылық әзірлеген ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың үш жақты жоспарын орындау үшін әрекет етеді.
- Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біз алдын алу шараларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық пен мәдениетті қалыптастыруды басты назарда ұстадамыз. Біздің миссиямыз - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, - деп атап өтті Алик Шпекбаев академия курсанттарымен кездесуде. – Біз парасаттылық идеологиясын дамытамыз. Бұл - адалдық, сатылмаушылық, әділдік, заңға бағынушылық, мейірімділік. Бүгін Қазақстан қазіргі заманғы құқықтық мемлекет құруда. Негізінде айқын басымдықтар анықталды: ашықтық және транспаренттілік; кәсіби мемлекеттік аппарат; заңның үстемдігі, кез келген құқық бұзушылық үшін жазалаудың бұлтартпастығы принципі.
Болашақ полиция қызметкерлеріне парасаттылықты және басқа да әдістерді үйретеді. Академияда "Сарыарқа-адалдық алаңы" жобасы аясында ашылған "адалдық дүкені" жұмыс істейді. "Адалдық терминалы" бойынша курсанттар кез келген құқыққа қарсы дерек туралы органдарға хабарлай алады. 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»