В Осакаровке:  -8°C , Влажность 80%, Давление 714, ветер 13 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

09 Желтоқсан 2019
Қарағанды облысында жыл мұғалімі таңдалды

Облыстық «Жыл мұғалімі» байқауының қорытынды кезеңі Достық үйінде өтті. Барлық өңірден 34 педагог қатысуға өтініш берді. Оның 12-і финалға өтті.

«Жыл мұғалімі» байқауы үш кезеңнен тұрды. Біріншісі аудандар мен қалалар деңгейінде өтті. Келесі кезең облыстық мамандандырылған «Мұрагер», «Дарын» мектеп-интернаттары және № 93 гимназия базасында сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізу тапсырмасы болды. Қорытынды кезең көпшілік алдында сөз сөйлеу түрінде өткізілді және бірнеше турдан құралды. Алдымен қатысушылар өздерін таныстырып, «ашық микрофон» байқауында ұсынылған тақырыптар бойынша ой бөлісті, содан кейін педагогикалық жағдайды талдады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде мен «Жыл мұғалімі» атағын Балқаш қаласының №10 мектеп-балабақша кешенінің оқушысы Олжас Сауриков жеңіп алды. Бірінші орынды № 97 гимназияның тарих пәні мұғалімі Олег Те алды. Екінші орынды облыстық тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнұр Қалиева иеленді. Үшінші орынды Саран қаласының №2 мектеп-балабақша кешенінің ағылшын тілі мұғалімі Дарья Хохлова алды. Барлық жүлделі орын иелеріне дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
«Үздік сабақ» номинациясы бойынша №8 гимназияның химия пәнінің мұғалімі Гүлнәр Бимендина жеңімпаз атанды. «Үздік сыныптан тыс шара» номинациясы бойынша Шет ауданынан Ербол Қызылов жеңімпаз атанды. Ербол Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында тарих пәнінен сабақ береді. «Үздік үй тапсырмасы» номинациясы бойынша Сәтпаевтан келген Меруерт Әбішева үздік атанды. Ол Абай атындағы №2 орта мектепте ағылшын тілін оқытады. «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша Бұқар жырау ауданы Үштөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Алина жеңімпаз атанды.

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»