В Осакаровке:  -8°C , Влажность 80%, Давление 714, ветер 13 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

09 Желтоқсан 2019
Қарағанды облысында ҚР Тәуелсіздік күніне орай жаңа әлеуметтік нысандар мен күн электр станциясы ашылады

Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін кеңінен атап өтуге дайындалуда. Атаулы күнге арналған 170 іс-шара жоспарланған. Сондай-ақ, өңірде жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, жобалар іске қосылады. Көп балалы отбасылар үшін бұл мереке қоныстоймен есте қалады.
Ұлттық мерекеге дайындық барысы туралы аппарат кеңесінде ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Рыстин баяндады.
Оның айтуынша, облыс бойынша 170 маңызды шара өтеді. Олардың ішінде: 60 бұқаралық мәдени іс-шаралар, 50 ғылыми-практикалық конференциялар, 30 спорттық жарыстар. Сонымен қатар концерттер, форумдар мен флешмобтар ұйымдастырылады.
Мереке барысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер секілді әлеуметтік қолдауға мұқтаж адамдар үшін қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады. Оларға материалдық көмек көрсетіп, сыйлықтар табысталады.
Нұрлан Рыстин Тәуелсіздік күніне орайластырылған нысандардың тізімін айтып өтті.
- Балқаш қаласында М. Хамзин атындағы Мәденет үйінде достық залы ашылады. Жезқазғанда «AlgaBastar» атты қазақ халқының салт-дәстүрлерін және өнерін насихаттау орталығы іске қосылады. Абай ауданында Ақбастау және Дубовка ауылдарында екі мектепке дейінгі шағын орталық, ал Сәрепті ауылында коворкинг орталығы ашылады. Ұлытау ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден кейін Мәдениет үйі ашылады. Жезқазған қаласының Кеңгір кентінде қуаты 10 Мвт Жаңа күн электр станциясы іске қосылады. Қарағанды мен Сәтбаев қалаларында шағын және орта бизнестің жаңа нысандары жұмыстарын бастайды, - деді басқарма басшысы.
Бірқатар қалалар мен аудандарда көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға пәтер кілттері беріледі, деп толықтырды ол.
13 желтоқсан С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының ғимаратында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтеді. Ел мен аймақтың дамуына үлес қосқан қарағандылықтарға мемлекеттік наградалар беріледі.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек ұлттық мерекенің маңыздылығын атап өтіп, Тәуелсіздік күніне дайындыққа барынша жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
- Ауа-райы жағдайын ескере отырып, іс-шараларды өткізу сапасына байланысты барлық мәселелерді ескеру қажет. Адамдардың ерундеуіне ыңғайлы болу үшін жағдай жасаңыздар. Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін. Қала және аудан әкімдері тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің жұмысын бақылап, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырулары тиіс, - деді аймақ басшысы.
10 желтоқсанға дейін барлық елді мекендер Тәуелсіздік күніне орай безендірілуі тиіс. Ұлттық мерекеден кейін шыршаны орнатумен жаңа жылдық безендіру басталады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»