В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

09 Желтоқсан 2019
Облыс әкімдігінде өңірдің даму қарқыны талқыланды

Қарағанды облысының экономикасы 2019 жылы 5,2% өседі деп күтілуде. Жергілікті атқарушы биліктің алдына дәл осындай міндет қойылды. Соңғы 11 айда қандай жетістіктерге қол жеткзілді және алдағы айда ненің орнын толтыру керектігі туралы, сондай-ақ қорытындылар жайлы облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте айтылды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өсіммен болады деп болжануда, деп мәлімдеді экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов. Есепті деректер бойынша, 11 ай ішінде облыста өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2,3 трлн теңге сомасында болады деп күтілуде, физикалық көлем индексі 101,9%-дан кем емес. 1,7 трлн теңгеден астам қаражат өңдеу өнеркәсібіне, 357 млрд теңгеден астам тау-кен өнеркәсібіне тиесілі.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі 676,6 млрд теңге - 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 159,7% деңгейінде күтілуде.
Облыста кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 7 пайыздық көрсеткішке жетті. Оларды саны қазір өңірде 90 мыңға жуық.
Жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ға дейін төмендеді. 32,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақтысы 12 мыңнан асады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 айда 372,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Қалалар мен ауылдарда 18 жаңа балабақша ашылды, оның 16-ы жеке меншік. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың арқасында мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы мәселесін шешті.
Сонымен қатар, облыс әкімінде кейбір мақсатты индикаторларды орындау бойынша мәселелер туындады. Мысалы, өнеркәсіпте шикізат емес экспорттың құлдырауы болжануда. Тұрғын үй құрылысының жалпы өсуіне қарамастан, Сәтпаев, Балқаш қалаларында өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер азайды.
Жеңіс Қасымбек кемшіліктердің себептерін анықтауды талап етті.
- Ілгерілетуді қажет ететін салалардың барлығын жетілдіріңіздер. Ай соңына дейін аз уақыт қалды. Жалпы жоғары индикаторлар орындалуда. Бірақ жыл қорытындысына сай әр қала бойынша, әр аудан бойынша жеке қарастырып, егжей-тегжейлі талқылайтын боламыз. Егер кемшіліктің себебі, әлсіз ұйымдастыру болса, әкімдердің жеке жауапкершілігі туралы мәселені шешетін боламыз, - деп ескертті аймақ басшысы. - Инвестиция бойынша келесі жылы тәсіл өзгереді. Республикалық бюджет есебінен іске асырылатын барлық ірі жобалар сіздердің есептеріңізге алынбайды. Инвестицияларды тарту - бұл жаңа жұмыс орындарын құру, салық базасы тәуелді болатын негізгі индикатор.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»