В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

09 Желтоқсан 2019
Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды күшейтуді талап етті

Қарағанды облысында тұрғын үй мәселесін шешуге күш жұмсалуда. Кезекте тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бірқатар өңірлерде үйлер тапсырылатын болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыс сапасына назар аударды.
Облыс әкімі құрылыс қарқынын төмендетпеуді тапсырды. Халықтың ең басты мәселелерін шешу – билік басындағылардың басым міндеттерінің бірі, деп атап өтті ол.
- Басқа шығындарды қысқартыңыздар. Тұрғын үй салыңыздар, кезекте тұрғандарды қамтамасыз етіңіздер, - деді Жеңіс Қасымбек қала және аудан әкімдеріне аппараттық кеңесте.
Өңір басшысы сондай-ақ құрылыс сапасын қатаң қадағалауды талап етті.
- Егер жаңа қоныстанушылар шағымданатын болса, оқиға орнына қоғам белсенділері мен журналистарді алып барыңыздар. Бұл барлық әлеуметтік нысандарға қатысты. Сапаны комиссиямен қайта тексеретін боламыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»