В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

11 Желтоқсан 2019
Қарағандыда Жас ұстаздар Слеті өтуде

Қарағандыда «Ел ертеңі-болашақ жастардың қолында!» жас мамандар слеті өтуде. Шара барысында еңбек жолын енді бастаған мұғалімдер үшін семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіледі.

Слеттің басты мақсаты – жас оқытушыларды қызықтыру. Оларға жаңа әдістер, құралдар және тәсілдерді көрсетіп, оқушылармен қарым-қатынас орнатуды үйретіп, өз саласында табысқа жетуді оқытады.

- Біз жас мамандар ға шеберлік сабақтарын өткізу үшін педагогикалық еңбек ардагерлерін, еңбек өтілі бар мұғалімдерді, әр түрлі педагогикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шақырдық. Еңбек жолын енді бастағанда оларға қолдау көрсету және көмектесу өте маңызды. Биыл 100-ден астам жас педагог мектепке келді. Оларға өз мамандығына деген сүйіспеншілікті, оған деген адалдықты тәрбиелеу маңызды, - дейді Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің оқу - әдістемелік бөлімінің жетекшісі Ләззат Сәменова.
Шеберлік сабақтарда жас мамандарға жаңартылған бағдарлама бойынша қалай жұмыс істеу керектігі туралы айтылды. Аға буын жас оқытушыларға оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдері, өзін-өзі тануды оқыту құпиясы, педагогтың эмоциялық мәдениеті егжей-тегжейлі түсіндірілген ережелерін түсіндірді.
- Қазір баланы қызықтыру 20 жыл бұрынғыдай емес, қиын деген пікір бар. Мен мұнымен келіспеймін. Баланы әрдайым қызықтыруға болады, ең бастысы тәсіл табу. Мысалы, мен өз оқушыларыммен математикадан көрініс қойдым. Барлық сынып, 24 адам қатысты және оған шын ниетпен әуестенді. Бұл тек бір мысал. Жаңартылған білім беру жүйесіне келер болсақ, менің ойымша, онда көптеген «плюстер» бар. Егер сабақта жаман баға алса, оқушы ренжімейді. Ал топтарда жұмыс істеу артта қалған балаларға материалды тез меңгеруге, әлеуметтенуге, сыныптастарымен қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Ал егер дер кезінде білім алып, айналысса, онда БЖБ мен ТЖБ қорқынышты болмайды, - дейді №93 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Марина Ефимик.
Жас әріптестер үшін ол «ХХІ ғасырдың мұғалімі қандай» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Слеттің қорытынды бөлігінде қала әкімі Нұрлан Әубәкіровпен кездесу өтті. Оған 120 мұғалім қатысты. Кездесуге қатысушылар білім берудегі заманауи үрдістерді талқылады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»