В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

11 Желтоқсан 2019
Қарағандыда өткен фестивальде домбырашылар қазақ күйлерінің көне дәстүрін көрсетті

Қарағанды қаласының Достық үйінде шертпе-күй мен жыр-терме бойынша "Сарқылмас қазына" облыстық фестивалі өтті. Музыкалық мереке "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану" мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Фестивальдің бастамашылары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және "Арқа-айтыс мектебі" және "Күй керуен" Достық үйі жанындағы шығармашылық орталықтар болды. Оның мақсаты - қазақ халық шығармашылығын насихаттау. Оған өңір мен елге танымал күйші, жыршы және термешілер шақырылды.
- Бұл фестивальді біз Ұлы ұлттық мереке қарсаңында өткіземіз. Біз Достық үйін бейбітшілік пен келісім, азаматтық бастамалар орталығы етуге тырысудамыз. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысамыз. Биыл суырып салма ақындар, домбырашылар мектебі құрылды. Фестиваль осы жұмыстардың жалғасы болды, - деді Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Ерлан Құсайын. - "Домбыраның дыбысы - сенің жүрегіңнің ырғағы" деп бекер айтпайды. Біздің халқымыздың тарихы өнерге толы, шығармалар арқылы ата-бабаларымыздың дауысын естиміз.
Достық Үйінің шығармашылық орталықтарының тәрбиеленушілері республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – жас ақындар өз шеберліктерін көрсетті. Фестивальдің ең жас қатысушысы - 11-сынып оқушысы Абзал Мақаш желтоқсан айының басында Қаныш Сәтпаевтың 120 жылдығына және Жастар жылына арналған халықаралық айтыстың жүлдесін иеленді.
Көрермендер домбыра, қобыз және жетіген сияқты түрлі халық аспаптарының әуендеріне тәнті болды.
Ақтық сында ақындар "Құлманбет айтыс" атты суырып салма додасын ұйымдастырды. Фестивальдің шарықтау шегі – күй тартыс бірегей көрінісі болды. Бұл үлкен салтанаттар мен тойларда танымал болған ежелгі дәстүр. Жарыстың мәні - қарсыластың орындаған белгісіз әуенін күйші сол қалпы мәнердк алып кетіп, жалғастыра алуында. Күй сюитасын домбырашылар Қанат Бақраев, Қайрат Омаров, Темірлан Кубат орындады.
- Халықтың дәстүрі қасиетті, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу өте маңызды. Бұл фестиваль түрлі жастағы, әртүрлі мектеп пен мәнерді орындаушылардың басын біріктірді. Жастар ұлттық өнерді жалғастыруда және дамытады. Менің ойымша, біз көрермендерге халық музыкасының сұлулығын көрсете алдық, - деп атап өтті Моңғолияның еңбек сіңірген әртісі және Қазақстан Мәдениет қайраткері Меруерт Башай.
Фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар табыс етілді. "Арқа-айтыс мектебі" орталығына күй мен жыр-терме жинақтары бар ретро-пластинка сыйға тартылды.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»