В Осакаровке:  -6°C , Влажность 82%, Давление 712, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Облыс жаңалықтары

12 Желтоқсан 2019
Шет ауданында тұрғын үй құрылысы мен жол жөндеу жұмыстары жалғасады

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Шет ауданына жұмыс сапарымен барды. Ол күн электр станциясын аралап, Ақсу-Аюлы ауылындағы және Ақжал мен Ағадыр кенттеріндегі әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Бірінші кезекте Жеңіс Қасымбекті тұрғын үй құрылысының қарқыны қызықтырды. Соңғы үш жылда мұнда жаңа үйлер салынып, ескі ғимараттар жөнделіп жатыр. Желтоқсан айында Ақсу-Аюлы ауылында 12 пәтерлі үй тапсырылады. Келесі жылы "Нұрлы Жер" бағдарламасы бойынша Ағадыр кентінде 12 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Сондай-ақ, 2020 жылы Ақсу-Аюлы кентінде 24 пәтерлі көп қабатты үй, Сейфулин ауылында 12 пәтерлі үй салуды жоспарлап отыр.
- Ағадыр қаласында ескі жатақхананы қалпына келтіргіміз келеді. Оны тұрғын үй етуді көздеп отырмыз. Мұндай қараусыз қалған ғимараттар Жарық пен Мойынтыда да бар. Оларда да жөндеу жұмыстарын жүргізгіміз келеді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Мұхит Мұхтаров.
Бүгінгі таңда Шет ауданында тұрғын үй кезегінде 473 адам тұр.
Облыс әкімі орталық аудандық ауруханаға барды. Қазір онда 177 адам жұмыс істейді. Ғимарат медициналық жабдықтарды жөндеуге және жаңартуға мұқтаж.
- Бізге травматолог, окулист және рентгенолог жетіспейді. Қазір олар интернатурада оқиды және келесі жылы бізге келеді. Қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалып, жас мамандарға қызметтік пәтер беріледі. "Біздің басты мәселеміз - күрделі жөндеуді қажет ететінімізде", - дейді аурухана директоры Алпыс Аманжолов.
Облыс әкімі жөндеу жұмыстарын бастауды тапсырды. Медициналық мекеме "Ауыл - Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тәртіпке келтіріледі. Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлей бастады.
Ал облыс әкімімен кездесуде тұрғындар өздерін толғандырып жүрген басқа да мәселелер туралы айтты. Негізгі тақырып - жолдарды жөндеу. Жеңіс Қасымбек Ақсу-Аюлы ауылында "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша кент жолдары жөнделетінін айтты.
Аймақ басшысы қазіргі таңда Қарағанды-Балқаш республикалық жолының құрылысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның басым бөлігі Шет ауданы арқылы өтеді.Бұл жол 4 жолақты болады.
- Алдағы екі жылға Ақсу-Аюлы мен Ағадыр арасындағы жолды қалпына келтіру жоспарланған. Сонымен қатар аурухананы күрделі жөндеуден өткізіп, жедел жәрдем стансасын және дәрігерлерге арналған жатақхананы салудамыз. Ақадырда кезекте тұрғандарға арналған 24 пәтерлік үйді қалпына келтіреміз. Сондай - ақ, Мойынты кентінде спорт кешенінің құрылысын бастаймыз, - деді облыс әкімі.
Жеңіс Қасымбек Ағадыр кентілдегі А. Ермеков атындағы мектепте болды. Ол 1937 жылы салынған. Қазір мұнда 500-ге жуық оқушы оқиды және 61 оқытушы жұмыс істейді. 2013 жылы мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал 2016-да ауласында хоккей корты салынды. Мектеп директоры Гүлназия Тағаева жалпы ғимарат жақсы жағдайда екенін, бірақ спорт залының жетіспейтінін және асхананың жөнделуін талап ететінін айтты. Облыс әкімі бұл мәселелер шешілетін болады деп уәде берді.
Ақжал ауылында Жеңіс Қасымбек Nova Цинк кен орнына барды. Компания қорғасын-мырыш кенін өндірумен және байытумен айналысады. Жұмыс орындарын құрумен қатар, аудан өміріне белсенді қатысады, өз қызметкерлерінің тұрмыстық мәселелерін шешеді. Мысалы, жергілікті кәсіпкерлер мен Nova Цинк қолдауымен Ақсу-Аюлы, Ағадыр және Сейфулин ауылында қайырымдылық дүкендері ашылды. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар айына бір рет азық-түлік пен киім-кешекті тегін алады. Бұл жоба "Ақтілеу" қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Осындай тағы бір дүкен Мойынтыда да ашылады.
- Қазір көмірге сұраныс көп. Біздің ауданның ірі кәсіпорындары аз қамтылған тұрғындарға көмектесіп, көмірді өздері жеткізеді. Біздің қайырымдылық дүкендерді құру тәжірибемізге басқа аудандарда да қызығушылық танытуда, - дейді "Ақтілеу" қайырымдылық қорының өкілі Гүлшара Ахметова.
Сапар соңында облыс әкімі Шет ауданында тұрғын үй салу және жол жөндеу жұмыстары одан әрі жалғасатын болады деп хабарлады. Сондай-ақ, әлеуметтік салаға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше назар аударылатын болады.
 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»