В Осакаровке:  19°C , Влажность 53%, Давление 713, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мақтан болған елімнің рәміздері



Мақтан болған елімнің рәміздері

4 маусым – ел тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-де Тəуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздері алғаш рет бекітілді. 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері қабылданған болатын. Еуразия төрінде орналасқан Қазақстан тəуелсіз ел ретінде Гимні, Туы мен Елтаңбасы бар мемлекеттер қатарына қосылып, ұлттық құндылықтарын паш етті. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рəміздер күні ретінде мəңгі есте сақталады. Мемлекеттік рəміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба жəне Мемлекеттік Гимн мемлекеттің негізгі рəміздері саналады. Рəміздер күніне орай Осакаров ауданында үлкен ісшара ұйымдастырылды. Мерекелік ісшара Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының рəміздер күніне арналған авто шеруден бастау алды. Қолдарына желбірген көк байрағымызды алып, көкке самғата көтерген бір топ жастар аудан əкімдігі ғимаратынан бастап, кентіміздің орталық көшелерінен бой алып, аудандық мəдени демалыс саябағына дейін шеру жасап өтті. -Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі əнші халықта, Кім айта алар Болмаған деп Əнұран? Енді бүгін өлген Туым тірілді, Əнұраным жалғап қалды ғұмырды. Босағада қалып келген Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді. Барша халық таныған, Шырқалғанда Əнұран. Шаттық кернер жүректі, Біздің үміт, тілекті,- деп мерекелік шараны салтанатты түрде ашқан жүргізушілер, саябақта желбіреген Туымызды қошеметпен қарсы алды. Мерекеге аудан тұрғындары мен қонақтары, мекеме басшылары қатысты. Келесі кезекте құттықтау сөз аудандық мəслихат хатшысы Қанат Саққұлақовқа берілді. -Мемлекеттік рəміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамайтын атрибуттарының бірі. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құндылықтарымыз. Егеменді еліміздің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін əрбір азаматтың парызы. Оларды сақтап, қорғауға – Ұлы даламызда кіндік қаны тамған жанның барлығы міндетті деген болар едім. Өйткені рəміздер — біздің ұлттық арымыз бен намысымыз,- деп Қанат Келгенұлы жүрек жарды лебізін білдірді. Мереке күні бірқатар ауданның азаматтары марапатталып, қошеметке бөленді. Осакаров ауданының əлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, табысты еңбегі үшін жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздер күніне орай аудан əкімінің Алғыс хатымен Осакаров ауданы полиция бөлімінің бастығы Сəбит Омаров, Осакаров ауданының экономика жəне қаржы бөлімінің бастығы Ержан Теміров, Осакаров аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы – Галина Рой, Осакаров ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы – Игорь Елесин, «Орталық аудандық аурухана» басшысы – Ольга Травнева, «Балдырған» бөбекжайының меңгерушісі - Анна Константиниди марапатталды. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Елбасының, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік бағытын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені, азаматтық белсенділік танытқаны үшін "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының Алғыс хатымен: Осакаровка кентінің балалар өнер мектебінің директоры - Əсемгүл Ақылбекова, «Нұр-Ай» бөбекжайының меңгерушісі – Райхан Жакупбекова, №12 орта мектебі директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары – Светлана Комышева, №9 Гимназиясы директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары – Дарья Константиниди, №1 орта мектебінің директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары – Ольга Саак марапатталды. Аудандық мəдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламада Тəуелсіз еліміздің рəміздерін ұлықтап шырқалған əн мен шертілген күй көрерменге рухани əсер берді. «Ханиса» би тобының қазақ жəне ұйғыр биі жұртты тамсандырса, «Fresh» хореографиялық ансамблінің əзірбайжан, стильденген орыс биі жəне қазақ билері көрермендердің көзайымына айналды. «Алға Қазақ елі», «Отан», «Мəңгілік ел», «Мен қазақпын» əсем əндерімен ауданымыздың сахна майталмандары, күміс көмей, жазтаңдай əншілеріміз Арман Бапанов, Сержан Аманбала, Анаргүл Наурызхан мерекеге келген қонақтарға ерекше көңіл - күй сыйлағаны сөзсіз. Жас өнерпаздарымыз да мереке күні жарады, «Дети Казахстана» əнін №9 гимназиясының вокалдық ансамблі шырқаса, өз кезегінде көрермендер өнерлі қыздарымыз Ұлпан Қайқпан, Нұрайым Момынбекованың орындауындағы «Менің елім» патриоттық өлеңі мен Екатерина Сушкова мен Наталья Ковтуннің «Попурри» əуенін тыңдады. Мерекелік концертті жалынды, патриотты «Көк тудың желбірегені» əнімен Сайран Атретхан тəмəмдады. Жас ұрпақ мемлекеттік рəміздерді құрметтеп үйренсе патриоттық, отансүйгіштік деген сол емес пе. Осакаров ауданында тойланған ұлттық рəміздер күніне бүкіл қауым біріге атсалысты. Осылайша Осакаров ауданында мемлекеттік рəміздер күні салтанатты түрде тойланып, мерекелік ісшара жоғары деңгейде өткізілді. Отан-жерім, Отан-суым, Отан қуат, нəр береді. Отан-ұран, Отан-туым, Отан мəңгі гүлденеді, - демекші, Тəуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рəміздерді қастерлеп, құрметтеу бəріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеуде мемлекетіміздің мақтанышы – рəміздерімізді ашық насихаттау арқылы кейінгі буын - жастарымызды Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын жəне Гимнін құрметтеуге шақыратын ісшаралар көп болсын. Өскелең ұрпақ, ұлт болашағы қазақ халқының Тəуелсіздігін айшықтайтын атрибуттардың авторлары мен шығу тарихын білуге міндетті.


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»