В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home



Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі

14 маусым күні Осакаров ауданының бес түлегі армандаған "Алтын белгісін" кеудесіне тақты. Салтанатты жиынды ашқан аудан əкімі Нұркен Кобжанов үздіктерді құттықтады.

- Тəуелсіздігіміздің болашағы – білімі мол, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Білімпаз ұрпақты, талапты түлектерді демеу үшін бар жағдай жасалуда. Білімге салынған қаржы – болашаққа құйылған инвестиция. Бүгін баршамыз үшін маңызды ісшарада бас қосып отырмыз. Оған себеп болған сіздердің қол жеткізіп отырған үлкен жетістіктеріңіз. Осындай жақсы көрсеткіштер үшін баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ бұл шың мектепті үздік бітірген түлектердің ғана емес, ұстаздар мен ата-аналар еңбегінің нəтижесі. Енді, алда тұрған - ұлттық біріңғай тестілеуді жақсы тапсыруға тілектеспін, - деген аудан басшысы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлерін салтанатты жағдайда марапаттап, сонымен қатар ата – аналарға да алғыс хат табыстады. Ауданымыздың үкілі үміттері - № 1 ОМ түлегі Эльнура Тастанбаева, №12 орта мектептен Айгерим Сулейменова, № 9 гимназиядан Юлия Михельсон, Молодежный кентінің № 26 ОМ түлектері Алдияр Даку мен Екатерина Чернова. Республикалық жəне халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары, 11-сыныпты үздік аяқтап, атааналары мен ұстаздарының мəртебесін көтерген мектеп түлектеріне ноутбук сыға тартылды. Түлектер атынан сөз кезегі № 1 ОМ түлегі Эльнура Тастанбаеваға беріліп, ол бойларына білім нəрін себелеген аяулы мектебі мен ұстаздарына, əлпештеген ата-аналарына алғысын айтты. Балаларының қуанышын бөлісуге ата-аналар да келіп, перзенттеріне ақ жол тіледі. Ата-аналар атынан сөз сөйлеген Салтанат Даку мереке иелерін құттықтап, көз қуаныштарының əке-шешелері мен мұғалімдерінің сенімдерін ақтағанын айтты. Үлкен талап, зор еңбекпен, білімімен алтын сапасын растаған балаларға өмірдің ең басты қағидасын терең ұғынып, санаға бойтұмар етеріне күмəн жоқтығын айтқан ана, сəттілік тілеп, туған жер, туған ауданды естен шығармауын тілге тиек етті. Салтанатты кештен соң Түлектер алеясы эстафетасын Шахтинск қаласынан қабылдап алған алтын белгішілер Саяси репрессия құрбандары саябағына шырша көшеттерін отырғызып, эстафетаны Нұра ауданына жолдады. Мемлекетіміздің басты саясатының бірі- елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мəселесі. Білімді ұрпақ-болашақтың кепілі. Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, жастарға үлкен үміт артатынымызды, болашақ жастардың қолында екенін айтқан болатын. Шəкірті үшін тер төккен құрметті ұстаздар, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген атааналар жəне «инемен құдық қазып, сыннан сүрінбей өткен» алтын белгі иегерлері - соның айғағы мен


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»