В Осакаровке:  -6°C , Влажность 87%, Давление 719, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Денiңе саулық, дертiңе шипа сыйлаған



Денiңе саулық, дертiңе шипа сыйлаған

Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Медицина қызметкерлерінің күні - барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге, өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Жұма күні Осакаровка кентінің мəдениет үйінде адам өмірінде үлкен рөл атқаратын дəрігер, медбикелер ұлықталып, ақ халатты абзал жандардың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. - Медицина кəсібі – адамгершіліктің асылы. Сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат, отбасыларыңызға береке тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын денсаулық сақшылары,- деген кеш жүргізушілері сахна төріне аудан əкімі Нұркен Кобжановты шақырды. - Сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі мерекелік іс-шараға арнайы қатысып отырған денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне айрықша ризашылығымды білдіремін. Елбасы Жолдауында денсаулық сақтау саласы мəселесіне ерекше тоқталды. Соның арқасында елімізде əлеуметтік-экономика қарқынды дамып келді. Оның дəлелі - тұрғындарға көрсетіліп жатқан қолжетімді жəне сапалы медициналық қызмет. Бұлардың барлығы халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында нақтылы жасалып жатқан қадамдар. Алдағы уақытта да, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Сіздерді төл мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық тілеймін,- деген аудан басшысы, өз ісінің үздіктерін ұлықтады. Нұркен Кобжанов Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі, елеулі үлесі жəне дамуы үшін Денсаулық сақтау министрлігінің "ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі" медалімен Орталық аудандық аурухананың хирург дəрігері Ширин Панаевты марапаттады. Осакаров ауданының əлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, табысты еңбегі үшін Медицина қызметкерлері күніне орай аудан əкімінің Құрмет грамотасымен Осакаров ауданының АОА хирург– дəрігері Женис Кабылов, АОА гинеколог дəрігері Дастан Капаров, Молодежный кентінің АА жалпы практика дəрігері Нина Хабарова, АА хирургия кабинетінің мейірбикесі Акмарал Нагметуллина, АОА жедел жəрдем фельдшері Татьяна Питунина, АОА туберкулез кабинетінің лаборанты Маргарита Ильина, АА лаборанты Лаззат Абенова, АА лаборанты Гуляим Ельшина, №12 орта мектеп мейірбикесі Вероника Соннова, АОА жалпы практикалық мейірбикесі Беилхан Кулкен, Осакаров аудандық ҚДСБ басшысы Галина Рой марапатталды. Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын əрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберлік иелерінің мерекесі. Осы кəсіби мерекеде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Елбасы, партияның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік курсын, «Нұр Отан» партиясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қолдау үшін жəне азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Алғыс хатымен Ускова Ольга, Жилякова Светлана, Зверева Светлана, Саркытбекова Балауса, Магзумова Марина ұлықталды. Ежелгі ғасырлардан бері дəрігерлік қызмет асыл əрі адамгершілікті ту еткен кəсіп болып саналады. Бүгін де ұлттық құндылығымыз – баға жетпес адам өмірін сақтау да, олардың толыққанды күшпен еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуында, сондай ақ қоғамның белсенді мүшесі болып табыла білуінде. Медицина қызметкерлері атқаратын істердің маңызы зор. Сахна төріне шақырылған аудан əкімінің орынбасары Алма Шалабаева аудан əкімінің Алғыс хатын Горбачева Наталья, Абдуллина Надежда, Бəделхан Ардагүл, Пахомова Ольга, Митина Алена, Кожанова Ботакоз, Веренева Гертруда, Шерстюк Дмитрий, Керимбаева Жанат, Андаспаев Нуржан, Зейнелов Ержан, Наздрачева Виктория, Абраева Асия, Войтюк Светлана, Григорьева Марина, Митин Владимирге табыстады. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дəрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Сондай марапатқа ие жандарды Орталық аудандық аурухананың директоры Травнева Ольга Николаевна марапаттады. Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласындағы мүлтіксіз, адал еңбегі, саланың дамуына қосқан жеке зор үлесі үшін Бруснигина Надежда, Слугина Полина, Бекишев Эрлан, Мусаева Лидия, Гламазда Ольга, Григорьева Ольга, Хусаин Нуржан, Мухамеджарова Рахима ұлықталды. Ұлықтау рəсімі аяқталған соң, адам тəнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дəрігерлердің ерен еңбегіне бас ие отырып, қалалалық өнерпаздар əн мен жырдан шашу шашты. Шипалы алақан, мейірімді жүректерге арнап, «Глория» хореографиялық ансамблі, «J and J» би дуэті мың бұралған билерімен мейірімді жандарға қуаныш сыйлады. Күллі байлықтың жиынтығы ақша немесе алтын емес, деннің саулығы. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп баратын дəрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Əр адамның өмірі үшін қолдан келгенінен аянбайтын, ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Бүгінгі мереке соның куəсі.


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»