В Осакаровке:  19°C , Влажность 53%, Давление 713, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының үміткерлері бақ сынады



«Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының үміткерлері бақ сынады

18 маусым күні аудан деңгейінде өткізілген «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының үміткерлері арасынан облыстық мəреге сайыс өткізілді. Мерекелік шараны аудандық білім бөлімінің мəжіліс залында аудан əкімінің орынбасары Алма Шалабаева құттықтау сөзбен ашты. -Еліміздегі отбасы дамуының өнегелі құндылықтарын жəне отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мəртебесін арттыру мақсатында ауданымызда Елбасының бастамасымен 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімімен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын өткізіліп келе жатыр. «Отан отбасынан басталады», қоғамдық құрылымның алғашқы ұясы үздік отбасылар, «Мерейлі отбасы» мүшелерін зор жеңістерімен құттықтаймын, - деді аудан əкімінің орынбасары. Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңінде ерекше өнер көрсеткен 3 жүлделі орын иегерін ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Мұхтарұлы Шакирбеков аудан əкімінің Алғыс хатымен жəне бағалы сыйлықпен марапаттады. Батпақ ауылдық округінің Левиндер отбасының отанасы ауданның ең қарт тұрғыны. Отағасы Павель аштық жылдары Қазақстанға Ресейден қоныс аударылған. Вильгельм Пик совхозында отбасын құрып, үш қыз тəрбиелеп өсірген. Екі баласы шетелде тұрып жатыр. Ұлттық «Мерейлі отбасы» конкурсының аудандық кезеңінде ерекше танылып, үшінші орынға ие болғаны үшін «Аудан аналары Кеңесі» төрайымы Роза Құрманова Есіл ауылы тұрғыны Зиминдер отбасын марапаттады. Жоғары категориялы педагогтар Александр мен Лидия Колхозное негізгі мектебінің математика жəне технология, сызу, өнер пəндерінің мұғалімі болып ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатыр. Жалпы ұстаздық өтілі бір жүз жиырма жыл. Жеңімпаз отбасы қатарында екінші орынға Қарағайлы ауылдық округінің тұрғыны Косумовтар отбасы лайық деп табылды. Видади Асадоглы Косумов ауылдық «Агдам» ФШ төрағасы. Фермер шаруашылығына биыл он бес жыл толып отыр. Жары Севил Жафаркулкызы «мектепалды оқыту» маманы. Отбасында Əзірбайжан ұлттық мəдениеті сақталған, Наурыз, Рамадан мерекелеріне белсенді қатысып келеді. Отбасы мүшелері аудан көлеміндегі қоғамдық шараларға белсене қатысып, əржанрлы музыка, спорт, мəдени демалыстың белсенді қатысушысы ретінде көзге түсіп келеді. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық кезеңі əділқазы мүшесі, «Рябина» ЭМБ жетекшісі Владимир Кошевец Касумовтар отбасына екінші орын марапаттарын табыстай отырып, отбасы құндылықтарын жаңғыртуға, отбасы мен некенің мəртебесін жоғарылатуға жəне отбасын еңбекке баулуға қосқан ерекше қасиеттерін атап өтіп, тамаша əнді тарту етті. Александр Григорьевич Боровский жоғары категориялы педагог, Пионер орта мектебінің дене шынықтыру пəні мұғалімі болып ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатыр. Жары Ольга да осы мектептің ұстазы. Қырық жылға таяу еңбек өтілі бар, ҚР білім жəне ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталған. Отбасының жастарды патриоттық рухта тəрбиелеу мақсатында сіңірген еңбегі үшін жəне аудан, облыс спортын дамытуға қосқан ерекше еңбегі бірнеше мəрте облыс, аудан əкімі, аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту басшысы тарапынан бірнеше Алғыс хаттармен марапатталыпты. Баласы Олег туған ауылындағы ФАП дəрігері болып қызмет атқарады. Илья Пионер орта мектебінің «Алтын белгі» иегері. Ағасының жолын қуып Қарағанды Медицина университетінде оқып жатыр. Боровский отбасының келіні Наталья Петровна да да дəрігерлік мамандықты таңдаған екен. Қазір бала күтімімен отыр. Ордалы отбасында жеті нереме, он бір шөбере өсіп жатыр. Аудан деңгейінде өткізілген «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының қорытындысын əділқазылар саралай келе облыстық кезеңге үміткерлер арасынан Пионер ауылдық округінің тұрғыны Александр Боровский отбасын лайық деп тапты. Жеңімпаз отбасына облыстық кезең жолдамасы мен аудан əкімінің Алғыс хатын жəне бағалы сыйлықты аудан əкімінің орынбасары Алма Шалабаева табыс етіп, мерейлі шараны қорытындылады. Аудан деңгейінде өткізілген «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының қорытынды шарасын мəдениет қызметкерлері Арман Бапанов пен Гүлбану Байжанова жүргізіп, көркемөнерпаздар əнмен сүйемелдеп отырды.


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»