В Осакаровке:  0°C , Влажность 48%, Давление 717, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Қырандай қырағы полицейлерге құрмет көрсетілді



Қырандай қырағы полицейлерге құрмет көрсетілді

21 маусым күні ауданның мәдениет сарайында Қазақстан Полициясы күні аталып өтті. Мерекелік шара Қазақстан Полициясы қызметкерлеріне арналған бейне құттықтаумен басталды.«Вдохновение» хореографиялық ансамблі «Жастар биін» орындап, кеш жүргізушілері Осакаров ауданының полиция бөлімінің тарихына шолу жасады. Осакаров ауданының полиция бөлімі 1941 жылы құрылып, Кожемякин Павел Кондратьевич басқарған.1941 жылдан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне дейін ішкі істер бөлімін 17 басшы басқарды. Оның ішінде отставкадағы милиция подполковнигі Верендеев Александр Иванович 10 жылдан астам бөлім бастығы лауазымында және АІІБ құқықтық құрылымының негізін қалаушылардың бірі болғаны атап өтілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында Осакаров ауданының полиция бөлімін Миллер Валерий Андреевич, Рахымжанов Мейрам Мақсұтұлы, Құсайынов Ерназар Кеңесұлы, Қасымов Ұлан Шәкірұлы, Бөлекбаев Берік Сейтханұлы, Әбекенов Серікқали Әбекенұлы, Жакупбаев Алпысбай Рахметұлы, Құтжанов Ерлан Есентайұлы және қазіргі таңда Омаров Сәбит Аханұлы басқарып отыр. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Құтжанов Ерлан Есентайұлы басшылығымен Осакаров ауданының ІІБ ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылы Осакаров ауданының ІІБ қызметкерлерінің қаза болғанына 30 жыл толуына орай Карапиди Геннадий мен Аушев Бесланды еске алуға арналған ескерткіш тақта орнатылды. 2015 жылы Г. Х. Карапидидің және Б. Т. Аушевтің ерлігін насихаттау мақсатында 1985 жылғы оқиғаларды қайта жаңғырту жүзеге асырылып, полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Аханович Омаровтың жеке бастамасы бойынша «Операция Гром – путь в бессмертие» деректі фильмі жасалды. 2018 жылы Осакаров ауданының полиция бөлімінің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні Осакаров ауданының полиция бөлімінің штаттық саны 116 бірлікті құрап отыр. Тәртіп сақшылары халықтың тыныштығын күні-түні күзетіп, әлеуметтік тәртіпті бақылауда. Қауіп-қатердің алдын алып, төнген қауіпті ауыздықтауда басын бәйгеге тігетін кездері де аз емес. Еліміздің және халықтың тыныштығы үшін өз өмірін құрбан еткен жандардың жұбайлары Наталья Аушева мен Надежда Карапиди де бүгінгі кештің құрметті қонақтары. Ерен ерліктің үлгісі болған сақшылардың жан жарлары барлық қызметкерлерге жарқын күндер, отбасылық бақыт, ашық аспан тілеп, ел қорғандары қызметінен әрдайым отбасына аман – есен оралсын,- деген ақжарқын тілектерін жеткізді. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұркен Кобжанов ауданымыздың полиция қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады. - Тәуелсіздік алған күннен бастап, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алға қойған міндеттерді Қазақстан полициясы ойдағыдай атқарып келеді. Еліміздің дамуында, полиция қызметкерлерінің алар орны ерекше. Қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыспен күресу – жауапкершілігі мол жұмыс екенін баршамыз жақсы білеміз. Мұндай қызметте біздің мақсатымыз бір – ол халықтың сенімін ақтау. Осындай маңызды да адал еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деген аудан басшысы, қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен, ауданда аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан батырлар - Беслан Аушев пен Геннадий Карапидиді еске алды. «Беслан Аушев пен Геннадий Карапидидің ерлігі туғантуыстары, әріптестері мен аудан тұрғындарының есінде мәңгі қалады және жас ұрпақ үшін нағыз патриотизмнің үлгісі болады»,- деді Нұркен Кобжанов. Мерекелік кеш ауданымыздың полицейлерін ұлықтау рәсімімен жалғасты. Ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда сауысқандай сақ, қырандай қырағы полицейлерге қандай құрмет көрсетілсе де артық етпес. Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халық арасында сақтық жұмысын жүргізіп, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғағаны үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Осакаров ауданының ПБ кезекші бөлімшесінің бастығы Абай Хишин, полиция бөлімін тылмен қаматамасыз ету тобының полицей жүргізушісі Нурлан Ошакбаев, полиция бөлімі жедел криминалистикалық тобының криминалисі Бакытжан Михан, Молодежный кенттік полиция бөлімшесі жергілікті полиция қызметі тобының учаскелік полиция инспекторы Асылбек Рахметов, ПБ көші-қон қызметі тобының инспекторы Лаура Габдуалиева марапатталды. Осакаров ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, табысты еңбегі үшін аудан әкімінің Алғыс хаты Осакаров ауданының ПБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Михаил Тюринге, ақпаратаналитикалық тобының аға инспекторы Анна Григоровичке, қылмыстың жасалуына күдіктілермен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының күзету жөніндегі полицейі Дамасхан Султамуратқа, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі жол-патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы Жанболат Шашубайға, Молодежный кенттік полиция бөлімшесі кезекші бөлімі кезекшісінің көмекшісі Арман Тусуповқа, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі табиғатты қорғау тобының инспекторы Айдар Батталовқа, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы Азамат Жанабергеновке, кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі Ербол Исагуловқа, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жанболат Тайшубековке табысталды. Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Сәбит Омаров барлық полиция қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, ішкі істер бөліміндегі жетістіктер мен жеңістерге, сынақтарға толы тәртіп сақшыларының өмірін тек олардың отбасыларының, туған-туысқандарының қолдауы арқасында ғана жеңілдете түсетінін де айтып өтті. Бөлім бастығы ҚР ІІМ 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен ішкі істер органдарында 15 жылдам астам мінсіз қызмет еткені үшін Осакаров ауданының ПБ кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі Ербол Исагулов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Айдос Алишахманов, уақытша ұстау изоляторының бастығы, полиция майоры Жандос Нургалиев марапатталса, 10 жылдан астам мінсіз қызметі үшін криминалдық полиция бөлімшесі жедел уәкілі, полиция капитаны Елдос Ешмагамбетов, жергілікті полиция қызмет бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлар тобының учаскелік полиция инспекторы Азамат Турежанов, полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Азамат Сатеков, тылды қамтамасыз ету тобының полицей жүргізушісі Аманбек Чавид ұлықталды. Қарағанды облысының өнерпаздары полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлеріне арнап ән мен жырды төгілдірді. Кәсіби мерекеде полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлерінің еңбектерін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдері білдірілді. Бейбіт уақытта аудан тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтап, бүкіл халық болып демалып, мерекені тойлап жатқанда сақтық шараларын жасап, күзетте тұратын, жеке өмірлеріне уақыттары жетпей, отбасылық мейрамдарға қатыса алмай жүретін жандарға бұл күні осылайша құрмет к ө р с е т і л д і .

 


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»