В Осакаровке:  19°C , Влажность 53%, Давление 713, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Дін өкілдерімен сындарлы диалог



Дін өкілдерімен сындарлы диалог

25 маусымда Осакаров ауданы əкімінің аппаратында аудан əкімі Нұркен Кобжановтың төрағалығымен "Қазақстанның азаматтары" қоғамдық бірлестігі мамандарының қатысуымен "Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі" тақырыбында ауданның діни бірлестік өкілдерімен кездесу өтті. Диалог алаңын ашқан аудан əкімі Нұркен Кобжанов: «Бүгін біз мұнда жақынырақ танысу, бізді толғандыратын мəселелерді айту жəне мүмкіндігінше оларды шешу үшін жиналып отырмыз. Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті Осакаров ауданының аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты насихаттау болып табылады», - деді. Аудан басшысы біздің еліміздің аумағында бейбітшілік, келісім мен бірлікте 18 конфессия өкілдері өмір сүріп жатқанын атап өтті. Елімізде мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаттарын нығайту, сондайақ діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне діни негізде экстремизм мен радикализмнің таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда."Қазақстанның азаматтары" қоғамдық бірлестігі мамандары ағымдағы жылдың 30 сəуірінен бастап аудан тұрғындарымен профилактикалық кездесулер өткізуде. Ісшараға қатысушылар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығы туралы баяндамаларын тыңдап, қоғамдық бірлестік өкілдері ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімді нығайту бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымен танысты. Сөз алған "Қазақстанның азаматтары" ҚБ басшысы Дмитрий Полтаренко еліміз əрбiр адамның наным бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет екенін айтып, мемлекет азаматтардың діни ұстанымына қарамастан тең құқылы, дiни төзiмдiлiктi жəне дiни нанымдарын құрметтейтінін тілге тиек етіп, бірлестіктің бағдарламасымен таныстырды. Жиында «Жусан-2» гуманитарлық операциясының бейнеролигі көрсетілді. Ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған арнайы операция нəтижесінде Сириядан 59 əйел мен 156 бала эвакуацияланған. Елге қайтарылған адамдармен оңалту шаралары, яғни медициналық, психологиялық жəне əлеуметтік көмек көрсетіліп отыр. Дінтанушы, заңгер, облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Тлекбаев Серік: - Қарағанды облысы бойынша 8 əйел, 26 бала жауынгерлік іс-қимыл ауданынан эвакуацияланды. 4 немересімен əкелінген Жезқазған қаласының тұрғыны қазіргі таңда қамауда отыр. Балаларын ұлы алып, «Шанс» орталығында тəрбиеленуде»,- деді. Балаларды оңалту бойынша көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Антисанитариялық жағдайда өмірге келіп, сонда өскен олар əбден қорқып қалған, тарс еткен дыбыстан шошынып қашады. Ыстық тамақ ішпеген, тіл білмейтін, түс айырмайтын, қолына қарындаш ұстай алмайтын балаларды аяққа тұрғызуға барлық күш-жігер салынып жатқаны айтылды. «Атқарылып жатқан жұмыстар оң нəтиже беріп отырғаны туралы айтуға болады. Елге оралған əйелдер бұрынғы радикалдық өмірінен бас тартып, жұмысқа орналасып, туыстарымен қайта байланыс орнатты. Балалары мектепке, балабақшаға барды. Əйтсе де өзінің қалауымен қайтарылған төрт əйелдің біреуі (4 баласы бар) қайтадан кеткісі келіп отырғаны да жасырын емес», - деді дінтанушы. Дінтанушы Қаршыға Жанбаев өскелең ұрпақтың санасын жат ағымдардың улауына бей-жай қарамау керектігін айтты. Отбасында, ғибадатханаларда, мешіттерде жастармен белсенді жұмыс істеуге шақырды. Өздерінің қызметінде ауданның дəстүрлі дін өкілдері лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алуға көп көңіл бөліп, радикалды ағымдардың деструктивті əрекеттері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Сөз алған Ауданның бас имамы Жоламан Яхияев «Əртүрлі жалған діни қайраткерлер, террористік топтардың өкілдері жастарды теріс жолмен бағыттау үшін оларға ықпал етуге тырысуда. Бұл жамағатқа ауыр соққы, соқырішекті сипап қана қоймай, кесіп алып тастау керек тəрізді, бұл үлкен мəселені түп-тамырымен жою керек», - десе, православиелік шіркеу иерейі Максим Сенькин бұл жағдайдың барлығын толғандыратыны, жастардың бір күнде байлыққа кенелесің деген көзбояушылыққа сенетініне қынжылып, тəрбиеге көп көңіл бөлу керектігін айтты. Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша аудан əкімі «сындарлы диалогта біз еліміздің əрбір азаматына жəне біздің балаларымыздың болашағына қатысты маңызды мəселелерді көтердік. Алдын алу шараларын бірлесе атқару керек»,- дей келе, аудан əкімінің орынбасарына жəне ішкі саясат бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар берді.


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»