В Осакаровке:  15°C , Влажность 29%, Давление 716, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Мереке қарсаңындағы мəртебе



Мереке қарсаңындағы мəртебе

Сəрсенбі күні байланыс жəне ақпарат саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесіне арналған ісшара ұйымдастырылды. Ауданымыздың жетістігін, жақсы жаңалықтарды жұртқа жеткізуге асығып, қоғамдағы өткір мəселелерді де қозғап жүретін журналистердің тынымсыз еңбегі жылына бір рет бағаланатын мейрам қарсаңында тілшілер мен байланыс саласының қызметкерлері ұлықталды. Дөңгелек үстелді ашқан аудан əкімі Нұркен Кобжанов аудандық газет пен Қазақтелеком желілік техникалық учаскесінің мамандарына ақжарма лебізін жеткізді. - Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі қоғамдағы рөлі зор екенін талай мəрте ерекше атап өтті. Біз дамыған заман талабына сай, халықты қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету керекпіз. Тұрғындарымыз газет арқылы ғана емес, əлеуметтік желілер арқылы да аудан өмірінен үнемі хабардар болып отыруы қажет. Осындай жауапты жұмыста сіздер де өз міндеттеріңізді абыроймен атқарудасыздар. Сол үшін ақпарат саласында жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Байланыс саласы тек біздің ауданымыздың ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің дамуын анықтайды. Бүгінгі таңда заманауи байланыс жүйесі дамыған кезең. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында əлемнің кез келген бұрышындағы жақындармен, достармен, əріптестермен сөйлесу мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Алдағы уақытта да сіздердің таланттарыңыз ауданымыздың игілігі үшін пайдаланылатынына сенімдімін, - деді аудан басшысы. Үнемі ізденіс үстінде болатын, түрлі мерекелік шаралардың, жаңалықтардың, төтенше жағдайлар мен қуаныштардың ортасында болып, қоғамдағы əрбір жеке тұлғамен байланысқа түсе алатын, көп зерттеу мен талдауды негіз етуші мамандар - журналистер. Бүгінде оларды төртінші билік өкілдері деп те атайды. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, үлкен жауапкершілікті қажет ететін кəсіп иелерінің мереке қарсаңында мерейі бір тасыды. Ауданның əлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі жəне табысты еңбегі үшін аудан əкімінің Құрмет грамотасымен «Сельский труженик» аудандық газеті редакторының орынбасары Татьяна Журавлева, тілші Гулбаршын Аманбаева, аудан əкімінің Алғыс хатымен газет тілшісі Махаббат Мухаммедқали, программист Анна Кнуренко марапатталды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік курсын, «Нұр Отан» партиясының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қолдау үшін жəне азаматтық белсенділік танытқаны үшін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Алғыс хатымен Осакаров ауданы əкімі аппаратының баспасөз хатшысы Ольга Филиппова, Қазақтелеком желілік техникалық учаскесінің кабельщик спайщигі Нұржан Садвакасов, учаскенің электромонтерлері Берік Балтабаев мен Дана Рахимова, учаске операторы Лазат Каубаева ұлықталды. Отырыс барысында сөз аудандық «Сельский труженик» газетінің тілшісі Сержан Ильяшевқа берілді. Əріптестерін кəсіби мерекемен құттықтаған Сержан Смаханұлы газет тарихына тоқталып өтті. - «Сельский труженик» аудандық газетінің» тарихы 1942 жылдан бастау алады, ол кезде атауы «Колхозная правда» еді. Қиын қыстау кезеңнің жаршысы, халықтың қиындықтар мен жетістіктерге жетуін, соғыс жағдайларымен хабардар етіп, тылдағы атқарылған жұмыстар жетістіктерін үнемі халыққа жеткізіп отырды, - деген тілші, 1962 жылдан бастап «Сельский труженик» - деп өзгертілгенін жəне газет тынысына аса мəн беріп, тынбай еңбек еткен редакторларды атап өтті. Олар: Шаульский, Животов, Вдовин И. М., Сорокин Е. Т., Соннов И. И., Мофа В. Ф., Сальников В. В., Груничев С. М., Ақатаев А.Қ., Ильяшев С. С., Журавлева Т. А. болса, қазіргі таңда К. О. Тохметова басшылық етіп отыр. Сондай-ақ еңбек ардагері, штаттан тыс тілші Геннадий Головченко мен ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қазақтелеком желілік техникалық учаскесін басқарған еңбек ардагері Ислам Шакирбековке сөз берілді. Ізгі тілектерін жеткізген ардагерлер тəуліктің сағатымен санаспай қызмет ететін журналистер қауымы мен байланыс қызметкерлерінің жұмысының қызығы мен шыжығын айтып, естеліктерімен бөлісті. Аудандық газеттің журналистері жұмысының арқасында Осакаров ауданы атқарушы билік жүргізіп жатқан үлкен жəне шағын істерден хабардар болып келеді. Олар халыққа қажетті ақпаратты жеткізіп қана қоймай, жан-жақты талдау жасап, өзекті түсініктеме алуға тырысады. Билік органдарына тұрғындарды толғандыратын мəселелерге назар аударуға көмектесер жандар да тілшілер екені даусыз. Əріптестеріме шабыт пен шығармашылық табыс тілеп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді болсын дегім келеді. Гүлім Сембай PS ҚР Үкіметінің Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді. (2019 жылғы 25 маусым №431 Нұр-Сұлтан, Үкімет Үйі 1.«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., №53, 343- құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 6-1- тармақпен толықтырылсын: «6- 1. Байланыс жəне ақпараттандыру қызметкерлері күні — 17 мамыр»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні — 28 маусым».


Вернуться назад


Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»