В Осакаровке:  15°C , Влажность 29%, Давление 716, ветер 8 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

29 Қаңтар 2011 Аудандық сайыс өтті

30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін VII қыстық Азиада ойындары алдағы жылдың ең басты оқиғасы болмақ. Намысымызға сын болатын Азиада ойындарына деген дайындық та қызу жүріп жатыр. Соған байланысты Азия ойындары бағдарламасы аясында Осакаровка кентінде әр түрлі спорттық ойын түрінен сайыстар өткізілуде.

Өткен аптада балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде баскетболдан аудандар арасында сайыс өткізілді. Сайысқа аудан бойынша 1997 – 1999 жыл аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, №1 ОМ оқушылары 1 – ші орынды иеленген болатын. Ойынға қатысқан жеңімпаздар, С. Мухамет, А.Раздан, У.Күсебаев, Т.Құсайынов, Е.Марат, Р.Жетпісбол, Ә.Ермековтар. Жалпы №1 ОМ оқушылары көптеген спорттық ойындарға қатысып, облыстық, аудандық сайыстарда, жүлделі орындарда көрініп, мықтылық танытуда. Бұл жетістіктер мектепте дене тәрбиесі сабағының өз деңгейінде сапалы түрде өтіп отырғанын дәлелдейді. Мектептерде дене шынықтыру мен спортты кең өрістету маңызды десек те мақсатшылдық, жүйелілік қажет. Дене тәрбиесі пәнінің сабақтарын бүгінгі талап деңгейінде ұйымдастыру мақсатымен, қызықты да, тартысты ойын түрлерін өткізе білу біліктілікті қажет етеді. Елбасымыздың жолдауларында бұқаралық спортты кең өрістету міндеттерін алға қойса, бұл мектептерден балаларға дене тәрбиесін беруді жақсартуды талап етеді. Сол талаптарды орындау мақсатында, №1 орта мектебінде 6 – сыныптар арасынан «Көңілді старт» ойын сайысы өткізілді. Сайысқа «Барселона», «Көкпар» камандасы болып екі команда қатысты. Атап айтар болсақ ұлттық және басқа ойын түрлерінен, «Қанталапай», «Арқан тартыс», «Кеңгіру», «Сәбетке доп лақтыру» т.б ойын түрлері өткізілді. Екі команда арасындағы қызықты, тартысты ойында , «Барселона командасы жеңіске жетіп, марапатқа ие болды. Жарыс барысында мектептің би үйірме жетекшісі А. Атабаева биші қыздарымен бірге ойын көркін ашар тамаша би өнерін көрсетті.

29 Қаңтар 2011 Жиырма жылдыққа – жиырма миллион теңге

Осакаровка кентіндегі «Транзит» серіктестігінің құрылғанына биыл 20 жыл толады. Қазақстан Республикасының дербес Тәуелсіздігі жарияланған сәтінен бастап, әр жыл сайын халыққа көрсететін қызмет аясын кеңейтіп келе жатқан серіктестіктің сауда орындары, нан-тоқаш пісіретін дербес наубайханасы бар. Жаңалыққа жаны құмар кәсіпкер Сергей Естифеев кәсіпорын жанынан су құбырын қазып алып, жылыжай тұрғызды. Қыс айларында осы жылыжай аудан халқын арзан көкөніспен қамтамасыз етіп отыр. Серіктестіктің күре жол бойындағы техникалық қызмет көрсететін сервисі де жолаушылардың мұқтаждығын шешіп отыр.

23 Желтоқсан 2010 Ардагерлердің есеп беру, сайлау Құрылтайы өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық соғыс және еңбек ардагерлерінің есеп беру, сайлау Құрылтайы болып өтті. Құрылтай жұмысына аудан әкімі Рысқали Әбдікеров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қанат Саққұлақов қатысты. Құрылтай жұмысын аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы М.Жұмабеков жүргізіп отырды.Аудан әкімі Құрылтай жұмысына сәттілік тілеп, қоғамда кездесіп жатқан өзгерістерге сергек қарауды тапсырды. Жас ұрпақты Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу жолында қарттарымызды белсенді болуға шақырды. Облыстық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі П.Ищенкоға алғыс айтып, иығына шапан жапты. Құрылтай жүмысы Қаулы қабылдап, ардагерлер Алқасы мүшелерін 30 адамға толықтырды. Аудандық ардагерлер кеңесі жұмысын ұйымдастырушылық қабілеті үшін ардагерлер кеңесі төрағасы М.Жұмабековты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның атынан Алғыс хатымен марапаттады. Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Марат Жұмабекұлы Жұмабековтың кеңеске төрағалық мерзімі тағы 5 жылға ұзартылды.

23 Желтоқсан 2010 Жол картасы Саябағы салтанатты ашылды

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңына Осакаровка кентіндегі Мәдениет және демалыс саябағы салтанатты ашылды. Саябақтың 70 жылдық тарихы бар. Кеңестік дәуірде саябақ халықтың мәдени демалатын орны болған. Одақтың ыдырауы кезінде саябақ қараусыз қалып, қоршауы тоналып, ішіне мал жайылып, иесіз қалған еді. Биыл осы саябақ «Жол картасы» бағдарламасы арқылы 22500 мың теңгеге күрделі жөнделген болатын. Осының нәтижесінде саябаққа көшеттер отырғызылып, екі балалар әткеншегі, би алаңы қатарға қосылып, саябақ іші жарықтандырылды. Жаяу жүргін жолы, гүлзарлар салынды.

03 Шілде 2010 Аүдан әкімі марапаттады.

Елорда күні қарсаңына аудан әкімі Рысқали Әбдікеров Осака-ровка кентінің ардақты анала I рына Алтын және Күміс Алқаларын тақты.

-Бүгінгі  марапаттау  сәті барша қаз ақ-стандық-тардың асыға күті п отырған мерейлі мерекесі - Елорда күні қарсаңына келіп отыр. Елбасы-ның ана мен балаға деген қам қорлығы ерекше.

Пайғамбарымыз «Жұмақ ана-лардың аяғының астында», де-ген. Өмірдің бастауы аналары-мызға зор құрметпен қараған Елбасы Жолдауында алты және жеті бала тәрбиелеп есірген аналарға Алтын және Күміс Алқа беру тапсырмасы жүктелген бо-латын. Міне, осы сәтте Сіздерге зор денсаулық, әулет бақытын тілеймін, - деді Рысқали Қали-ақбарұлы құттықтау сөзінде.

Страницы: 78798081828384

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске

© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»