В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы» №

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

 

1.Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы» ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3756 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) № 15/02 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

Қазақстан Республикасының жарлығымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Нұрмұханбетовке жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі Н.Кобжанов

 

Орын.: Е.Е.Теміров

Тел.42083

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «___» _________

№__________қаулысына

қосымша

 

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

 

№ Атауы

1 Жұмыстар

1.1 Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын жаңа нысандарды құру (салу) немесе бар нысандарды реконструкциялау.

1.2* Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын кентішілік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу.

1.3* Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы бюджеттік қаражат есебінен іске асатын бар нысандарды күрделі жөндеу (жобалау –сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).

1.4* Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

 

**мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың,жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.


Дата редактирования: 30 Ноября 2017 15:00

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»