В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, біл

Карағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 19 қаңтардағы №03/01

 

«Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға

дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы

                                                                                 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне

2017 жылғы 7 ақпандағы №4139 болып тіркелген

 

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2. Осакаров ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

3. Осакаров ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                      

 

Осакаров ауданының әкімі                                           Қ. Шайжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 қаулысына

1- қосымша

 

 

2017 жылға арналған пробация қызметінің

есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін,

жұмыс орындары квотасы белгіленетін

Осакаров ауданы ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының Қарағанды филиалының пайдалану басқармасы

724

7

2

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі

50

1

3

«Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

1

4

«Садовое и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

146

1

 


 

Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01қаулысына

2- қосымша

 

 

2017 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін,

жұмыс орындары квотасы белгіленетін

Осакаров ауданы ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

«Разрез Молодежный»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1045

10

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының пайдалану басқармасы

724

7

3

«Садовое и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

146

1

4

«Жаңа-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

1

 


 

Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01қаулысына

3- қосымша

 

 

2017 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа

толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының

түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы

азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін,

жұмыс орындары квотасы белгіленетін

Осакаров ауданы ұйымдардың тізімі

 

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны, адам

Жұмыс орындарының квоталық саны, адам

1

«Разрез Молодежный»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1045

10

2

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының пайдалану басқармасы

724

7

3

Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Литвинск жетім балалар және ата-ананың қамқорсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150

2

4

Қарағанды облысы білім басқармасының «Пионер балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1

5

«Шоқай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

1

 

 

 


Дата редактирования: 29 Мая 2017 12:09

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»