В Осакаровке:  15°C , Влажность 45%, Давление 713, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 «Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толға

Карағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 25 сәуірдегі №20/01

 

«Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы  19 қаңтардағы № 03/01 «Осакаров ауданы  бойынша 2017 жылға арналған пробация

қызметінің есебінде тұрған адамдарды,  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан

кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып

табылатын жастар қатарындағы азаматтарды  жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы

                                                                                 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне

2017 жылғы 11 мамырдағы №4254 болып тіркелген

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес  аудан  әкімдігі         ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қаңтардағы № 03/01 «Осакаров ауданы бойынша 2017 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4139 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 ақпандағы № 7 (7543) «Сельский труженик» аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Осакаров ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»;

көрсетілген қаулының 1 – қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі»;

көрсетілген қаулының 2 – қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі»;

көрсетілген қаулының 3 – қосымшасының тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Осакаров ауданы ұйымдарының тізімі».

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алма Қабыкенқызы Шалабаеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Осакаров ауданының әкімі                                   Қ. Шайжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 30 Мая 2017 16:38

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»