В Осакаровке:  -4°C , Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы» ҚАУЛЫСЫ

Карағанды облысы

Осакаров ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 15 қыркүйектегі №47/03

 

«Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру

қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын

азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ

жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы»

қаулысы

                                                                                 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне

2015 жылғы 10 қазан №3432 болып тіркелген

 

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын  басшылыққа  ала  отырып  Осакаров  ауданының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
  3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудан әкімінің

 міндетін атқарушы                                                 

Н. Ламбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 47/03 қаулысына

қосымша

 

 

Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру

қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшері

 

р/с

Азаматтар санаттары

Жеңілдіктер мөлшері

1.

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін 

2.

Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар

Тегін 

3.

Балалар үйіндегі оқушы-балалар

Тегін 

4.

Спорт ардагерлері

Тегін 

5.

Оқушылар

Тегін 

6.

Студенттер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік

7.

Зейнеткерлер

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік

   

    Ескертпе: бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.

 

 


Дата редактирования: 29 Мая 2017 11:47

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»