В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы» ҚАУЛЫСЫ

 

Карағанды облысы

Осакаров ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 20 қазандағы №52/02

 

 

«Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін

таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы»

қаулысы

                                                                                 

 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне

2015 жылғы 12 қарашадағы №3493 болып тіркелген

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын. 
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудан әкімінің

 міндетін атқарушы                                                 

Н. Ламбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 12 қазандағы №52/02 қаулысына

қосымша

 

 

Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін

таңдау бойынша критерийлер

 

Критерия атауы

Мүлікті мүліктен

айыру түрі

1.

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). 
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу

2.

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.

сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу

3.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.

тікелей атаулы сатылым

4.

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты қор биржасында өткізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 29 Мая 2017 11:48

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»