В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы» ҚАУЛЫСЫ

 

 

Карағанды облысы

Осакаров ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 24 наурыздағы №15/02

 

«Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді

мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге

асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін

қызметтердің тізбесін анықтау туралы»

қаулысы

                                                                                 

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне

2016 жылғы 18 сәуірдегі №3756 болып тіркелген

 

 

2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабы 1 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.

  1. Осы қаулының орындалуын  бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Аудан әкімі                                                                 Қ. Шайжанов

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 15/02 қаулысына

қосымша

               

 

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді

мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы

жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,

көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Атауы

1

Тауарлар

1.1

Серверлер, телебайланыс құралдары

2

Қызметтер

2.1

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде нысандардың құрылысы және қайта құру жұмыстары  кезінде  тапсырыс беруші атынан техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу кезінде  тапсырыс беруші атынан  техникалық бақылау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

3

Жұмыстар

3.1

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде  жаңа нысандар құрылыс немесе бар нысандардың қайта құру жұмыстары

3.2

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде   аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының күрделі немесе орташа жөндеу жұмыстары

3.3

Бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде  жаңа нысандардың құрылысы немесе бар нысандарға  қайта құру жұмыстарын өткізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу немесе  бар жобалық-сметалық құжаттамаларды түзету

3.4

Аудандық маңызы бар автокөліктер жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарына  жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу немесе  бар жобалық-сметалық құжаттамаларды түзету

3.5

Коммуналдық жеке меншіктегі ғимараттардың, үй-жайлардың, құрылыстардың күрделі жөндеу жұмыстарына

 

 


Дата редактирования: 29 Мая 2017 12:05

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»