В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

АУДАН ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

 

 

 

 

Мүгедектерді  жұмысқа

орналастыру үшін жұмыс

орындарына  квота белгілеу

туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы  № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарды  квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осакаров ауданнының ұйымдарына ұйымдық – құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Ұйымдардың  жұмыс берушілері белгіленген квотаға  сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А. Қ. Шалабаеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                            Н. Қобжанов

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы «    »__________ № ___________ қаулысының

қосымшасы

 

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін

жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

 

 

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны )адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру  квотасын орындау үшін қажет  саны

(адам)

1

«Қарағанды облысы Осакаров ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі

64

2

1

2

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің «Шұңқыркөл ауылының  № 11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

3

«Алтын Астык А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1

Барлығы

165

 

3

 

 


Дата редактирования: 27 Октября 2017 12:41

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»