В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Осакаров ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Осакаров ауданы

әкімдігіНІҢ ҚаулысыНЫҢ ЖОБАСЫ

 

 

«Осакаров ауданының аумағында

көшпелі сауданы жүзеге асыру

үшін арнайы бөлінген орындарды

белгілеу туралы»

 

 

Қазақстан Республикасы  2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2015 жылғы  27 наурыздағы № 264 «Ішкі Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес  аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
  2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы «Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі сауда үшін орындарының тізімін бекіту туралы» №07/11 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-143 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 сәуірдегі №20 (7244) «Сельский труженик» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек  Серікұлы Молдабаевқа  жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан  әкімінің

міндетін атқарушы

Қ.Шайжанов

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің

2016 жылғы «___» __________

№____/_____ қаулысына

қосымша

 

.

Осакаров ауданының елді мекендерінде көшпелі

сауда үшін орындарының тізімі

 

Елді мекеннің  атауы

Орналасатын жері

1

Осакаровка кенті

Достық көшесі, 38 «Ишим» селолық тұтыну кооперативінің  алаңы

2

Осакаровка кенті

Театральная  көшесі 3 алаңы

3

Молодежный кенті

Мира көшесі, 15/б, «Универмаг» ғимаратына қарама – қарсы алаң

4

Ақбұлақ ауылы

Центральная  көшесі,  19 және  21 учаскесіндегі алаңы

5

Батпақты ауылы

Центральная көшесі, 37 ауылдың мәдениет үйі ғимаратының  қасындағы алаңы

6

Дальнее ауылы

Мира көшесі, 13, «Тойхана» ғимаратына қарама – қарсы алаңы

7

Есіл ауылы

Литвиновская көшесі, 32, орталық алаң

8

Колхозное ауылы

Советская көшесі, 21, орталық алаң

9

Звездное ауылы

Ленина көшесі, 10, мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаңы

10

Ертіс ауылы

Казахстан көшесі, 17, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаңы

11

Сенокосное ауылы

Сенокосная көшесі, 10, дүкен ғимаратының алдындағы алаңы

12

Қарағайлы ауылы

Кооперативная көшесі, 29, «Агдам»  дүкенің жанындағы алаң

13

Коллективное ауылы

Школьная көшесі, 8, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

14

Святогоровка ауылы

Мира көшесі, 7, медициналық пункт ғимаратының алдындағы алаң

15

Крещеновка ауылы

Школьная көшесі, 13, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

16

Шұңқыркөл ауылы

Центральная көшесі, 8  алаңы

17

Уызбай

ауылы

Мира көшесі, 21, ауылдың мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң

18

Мирное ауылы

Мира көшесі, 14 алаңы

19

Николаевка ауылы

Садовая көшесі, 21, «Ишим» ауылдық тұтыну кооперативіне қарама – қарсы алаңы

20

Комсомольское ауылы

Центральная  көшесі, 13 «Комсомольское» фермерлік  шаруашылығы ғимараты алдындағы алаң

21

Топан ауылы

Бұрынғы бастауыш мектеп алдындағы алаң

22

Озерное ауылы

Центральная көшесі, 8 алаңы

23

Пионерское ауылы

Центральная көшесі, 41 жеке кәсіпкер  «Лащук» және жеке кәсіпкер «Батрынча»  дүкендерінің арасындағы алаң

24

Приишимское

ауылы

Центральная көшесі, 21 «Приишимское» фермалық шаруашылығының асхана ғимаратының және жеке кәсіпкер «Карапиди»  ойын - сауық орталығы ғимаратының  арасындағы алаңы

25

Центральное ауылы

Клубная көшесі, 2, «Центральный»  дүкенінің сол жағындағы алаңы

26

Родниковское ауылы

Целинная, 22 және Почтовая, 3 көшелерінің  бұрышындағы алаң

27

Садовое ауылы

Целинная көшесі, 19/1, «Маяк» дүкені жанындағы алаң 

28

Сарыөзек ауылы

Центральная көшесі, 3, «Ақжолтай» дүкенінің  жанындағы алаң 

29

Шоқай станциясы

Школьная көшесі, бұрыңғы клуб ғимараты жанындағы алаң 

30

Русская Ивановка ауылы

Центральная көшесі, бұрынғы  клуб жанындағы алаң 

31

Шоқай ауылы

Центральная көшесі, бұрыңғы мектеп ғимараты жанындағы алаң 

32

Сұңқар ауылы

Кирова көшесі, 21, дәрігерлік амбулатория ғимараты алдындағы алаң

33

Тельманское ауылы

Центральная 7 және Школьная 15 көшелерінің бұрышындағы алаң

34

Трудовое ауылы

Юбилейная көшесі, 9 алаңы

35

Чапаево ауылы

Механизаторская көшесі, 8, Чапаев ауылдық округі әкімінің аппаратының ғимаратына қарама – қарсы алаң

36

Шідерті ауылы

Строительная көшесі, 29 алаңы

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 23 Февраля 2016 09:15

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»