В Осакаровке:  -1°C , Влажность 79%, Давление 718, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабы 1 тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3756 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 мамырында № 19 (7503) «Сельский труженик» аудандық газетінде, 2016 жылғы 16 мамырында «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) № 15/02 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге  асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Е.Нұрмұханбетовке жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                Н. Кобжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров  ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «__»_____________

№ ___/____ қаулысына

қосымша

 

Осакаров  ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 24 наурыздағы

№ 15/02 қаулысына

қосымша

 

 

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды  бірыңғай ұйымдастырушы  жүзеге  асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

 

Атауы

1

Тауарлар

1.1*

Көмір

2

Жұмыстар

2.1*

Ауданның  мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы,  коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау

2.2*

Ауданның  мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын кентішілік, аудандық  маңызы бар автомобиль жолдарын   күрделі және орташа жөндеу.

2.3*

Ауданның  мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік мекемелеріндегі, коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарындағы, коммуналдық мемлекеттік  кәсіпорындарындағы бюджет қаражаты есебінен іске асатын бар нысандарды күрделі жөндеу (жобалау – сметалық құжаттаманы әзірлеуді қоспағанда).

2.4*

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

 

 

*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.


Дата редактирования: 29 Января 2018 18:07

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»