Главная
→ Нормативтік құқықтық
→ Аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқық актілерінің жобалары
→ ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «САДОВЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САДОВОЕ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ»
ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «САДОВЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САДОВОЕ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ»
ОСАКАРОВ АУДАНЫ
ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ
«САДОВЫЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ
САДОВОЕ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ШЕКТЕУ
ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Садовый ауылдық округінің Садовое ауылдық аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
- Осакаров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 29/01 «Садовый ауылдық округінің Садовое ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4274 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 23 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Кобжанов
Дата редактирования: 15 Октября 2018 09:48