В Осакаровке:  4°C , Влажность 67%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «ҚҰНДЫЗДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ШҰҢҚЫРКӨЛ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ»

 

ОСАКАРОВ АУДАНЫ

ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

«ҚҰНДЫЗДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ШҰҢҚЫРКӨЛ АУЫЛЫ АУМАҒЫНДА ШЕКТЕУ

ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ»

 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
  2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 49/01 «Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4877 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                            Н. Кобжанов

 

 


Дата редактирования: 16 Октября 2018 15:46

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»