ЖОБА Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
жоба
Осакаров ауданының аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағының негізінде және аудандық сайлау комиссиясымен келісім бойынша аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
2. Осакаров ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 02 «Осакаров ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4666 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 6 сәуірде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Валентина Владимировна Абилсеитоваға жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Кобжанов
/files/userfiles/npa/prilozhenie_k_resheniyu_kaz_bez_pereim.doc
Дата редактирования: 30 Октября 2018 20:43