В Осакаровке:  -12°C , Влажность 90%, Давление 727, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

Коммуналдық меншікке

келіп түскен, қараусыз

қалған жануарларды

келіп түсу және пайдалану

Қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңының  31-бабы  1-тармағының  2)  тармақшасына  сәйкес     аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.

 

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.

 

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

С.Аймақов


Осакаров  ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «__» ___________

№ ___/____ қаулысымен

бекітілген

 

 

Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған

жануарларды келіп түсу және пайдалану

Қағидалары

  

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246 бабына сәйкес, өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам, меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және осы Қағидаларымен басшылыққа алып пайдаланылады.

 

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық

меншікке келіп түсу тәртібі

 

3. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, кент, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - әкім), «Осакаров ауданының  ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -  ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі), «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -  экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін экономика және қаржы бөлімінің басшысы бекітеді.

4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен жүзеге асырылады.

 

3. Жануарларды уақытша күтiмге алу

 

5. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды, уақытша күтiмге алу үшiн әкiм анықтаған жеке немесе заңды тұлғаларға  шаруа немесе фермер қожалықтарына 6 (алты) айға дейiнгi мерзiмге келiсiм - шарт негiзiнде бекiтiлiп берiледi. 

6. Әкiм жануарларды уақытша күтiмге алатын тұлғаларды анықтау кезiнде олардың жануарларды күтiмге алу жағдайына алдын - ала зерттеу жүргiзедi. Зерттеу барысында міндетті түрде күтімге алатын жеке немесе заңды тұлғаның жануарды демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен, қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен, астаулармен, суаттармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен, жем және ішетін сумен, сонымен қатар жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.

Зерттеу қорытындысы экономика және қаржы бөлiмiне ұсыныспен қоса жолданады. 

7. Жануарларды уақытша күтiмге алушы тұлғамен келiсiм - шарт әкiмнiң ұсынысы негiзiнде экономика және қаржы бөлiмiмен жасалады.

8. Бес жұмыс күннен  кешіктірілмей шартқа қол қойылғаннан кейін, экономика және қаржы бөлімімен жануарды  уақытша асырау тараптары қабылдау-тапсыру актісі бойынша екі жақ қол қойғаннан кейін тұлғаға беріледі.

Қабылдау-тапсыру актісінде:

1)  актінің құрастырылған күні және жері;

2)  малды беруіне сәйкес шартқа қол қоюының күні және нөмірі;

3)  малдың жасы, түсі, жынысы, түрі;

4) талаптардың куәландырылған баспасы (қолда барда), төрағалардың қол қоюы көрсетіледі.

9. Қабылдау-тапсыру актісі үш дана құрастырылады, соның біреуі экономика және қаржы бөлімінде сақталады, біреуі – малды уақытша ұстайтың тұлғада, біреуі – әкімде.

10. Жануарларды күтiмге алу шығыны күтушi тұлғаға экономика және қаржы бөлiмiмен жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Өтеу шығынына сол жердегi нарықтық бағамен белгiленген зоотехникалық нормаға негiзделген жем, шөптiң құны және күтушiнiң еңбек ақысы кiредi. Күтушiнiң еңбек ақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы Заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауы және мемлекеттiк заңды тұлғалар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiнде белгiленген мөлшерден артық болмауы тиiс. Өтеу шығынынан жануарларды күтiмге алу кезеңiнде, олардан түскен пайда, сол елдi мекендегi нарықтық бағамен есептеп шегерiледi.

11. Қол қойылған шартта тараптармен анықталған жануарларды күтiмге алған тұлға олардың өлiм - жiтiмi мен жарамсыздығына кiнәсi болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерiнде жауапты болады. 

12. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу iс - шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмiнiң қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылады.

 

4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

 

13. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды аудандық коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен экономика және қаржы бөлiмi жүзеге асырады. 

14. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудандық әкiмдiктiң қаулысымен тиiстi әкiм аппаратының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

 

5. Аудандық коммуналдық меншікке келіп түскен

жануарларды пайдалану тәртібі

 

15. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады: 

1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

2) аукцион арқылы сату; 

3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

16. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия (бұдан әрі - комиссия) шешеді.

17. Сәйкес органдар келісім бойынша ұйымдар және мемлекеттік органның лауазымды адамы және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның өкілін комиссия құрастырады.

18. Комиссияның мүшелері комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелерi болып табылады. Комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауға және кемiнде үш адам болуға тиiс.

19. Жалпы қатысқан комиссия мүшелерінің санынан, комиссия шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең түскен жағдайда, төрағаның дауысы маңызды болып саналады. Барлық комиссия мүшелері қол қойылған хаттамамен шешім жасалады.

        

6. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

 

20. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде - жаңа меншік иесінің айқындаған шарттарымен келісу негізінде, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

21. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

22. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда жануарларды бағуға және пайдалануына байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.

23. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен экономика және қаржы бөлімі арасында жасалатын келісім - шарт рәсімделеді.

 


Дата редактирования: 25 Мая 2015 10:24

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»