В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді анықтау туралы жобасы

 

Осакаров ауданы

әкімдігіНІҢ ҚаулысыНЫҢ  ЖОБАСЫ

 

«Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі

критерийлерді анықтау туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 2-1-тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Коммуналдық мүлікті (бұдан әрі – Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

        Аудан әкімінің

міндетін атқарушы

Н. Ламбеков                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «____»________ №_________ қаулысына қосымша

 

 

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін

таңдау жөніндегі критерийлер

 

Р/с

Критерия атауы

Мүлікті мүліктен

айыру түрі

1.

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). 
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты аукцион нысанында өткіз

2.

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.

сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу

3.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.

тікелей атаулы сатылым

4.

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.

сауда-саттықты қор биржасында өткізу

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 12 Октября 2015 14:40

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»