В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Осакаров ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмд

 

 

Осакаров ауданы

әкімдігіНІҢ ҚаулысыНЫҢ ЖОБАСЫ

 

«2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Осакаров ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”,  2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Осакаров ауданы аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес    белгіленсін.

2.Осы қаулының  орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетовке  жүктелсін.

3.Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                             Н.Кобжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаров ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «____» _________ № _______ қаулысына

қосымша

 

 

2019 жылға арналған  өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық

аймақтар бөлiгiндегi Осакаров ауданы аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

 

 

№ р/с

Дақылдар

Оңтайлы мерзiмдерi

 

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

15 мамыр

  28 мамыр

2

Арпа

25 мамыр

  28 мамыр

3

Сұлы

25 мамыр

  28 мамыр

4

Бұршақ

10 мамыр

12 мамыр

5

Жасымық

20 мамыр

25 мамыр

6

Зығыр

15 мамыр

20 мамыр

7

Күнбағыс

10 мамыр

15 мамыр

8

Картоп

10 мамыр

 25 мамыр

9

Еркекшөп

10 мамыр

        20 қазан

10

Беде

10 мамыр

        20 қазан

11

Эспарцет

10 мамыр

        20 қазан

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Осакаров ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы»

Осакаров ауданының әкімдігі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Құқықтық акт жобасының атауы

2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша Осакаров ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы

2

Жобаны әзірлеуші

«Осакаров ауданының аппарат әкімдігі» ММ

3

Құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің нормативтік негіздемесі  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы”,  2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы»

4

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджеттің шығындарын ұлғайтуды көздемейді.

Осы нормативтік құқықтық акт кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын көбейту немесе азайтуды қарастырмайды.

5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын енгізілетін ұсыныстардың тиімділігі

2019 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегi Осакаров ауданы аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу.

6

Жобада көрсетілген мәселелері бойынша құзыретіне кіретін мемлекеттік орган басшысының бұрыштамасы болмау себебі

-

7

Жобада бұрын көзделген мәселелер туралы, оның қандай құқықтық актілер қабылданды және әзірлеуші оны орындағаны бойынша мәлеметтер

Жобада көзделген мәселелер бойынша құқықтық актілер қабылданған жоқ

8

Қолданыстағы құқықтық және өкімдік актілерде бұрын өзгерту, толықтыру енгізілген болды ма

Жоқ

9

Осы акт әділет департаментінде тіркелуге жатады ма

Иә

10

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтер

Жоқ

 

 

Осакаров ауданы аппаратының

құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысы                                           А. Павлова

 

           2019 жылдың «27» наурызы


Дата редактирования: 28 Марта 2019 14:30

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»