В Осакаровке:  -3°C , Влажность 85%, Давление 719, ветер 1 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

ОСАКАРОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫ «Осакаров ауданының аумағында қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы»

Осакаров ауданы

әкімдігіНІҢ ҚаулысыНЫҢ ЖОБАСЫ

 

«Осакаров ауданының аумағында қосымша білім беру ұйымдары

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту туралы»

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 156 бабы, 2 тармағына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағаны бекіту.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А.Қ.Шалабаеваға жүктелсін.

3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                 Н.Кобжанов

 

Қосымша

Осакаров ауданының әкімдігінің

қаулысына қосымша

«___» 2019 жылғы№ ______

Қосымша білім беру ұйымдары коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен жүзеге асырылатын жалпы білім беру қызметіне бағалары

Қосымша білім беру ұйымының атауы

Ақылы көрсетілетін білім беру қызметінің тізімі (үйірмелер, бөлімшелер, курстар)

1 үйірме үшін айына қосымша білім беру ұйымына ата-аналар төлемінің көлемі

1

" Осакаров ауданының балалар өнер мектебі " коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Аспаптық сынып,вокалдық сынып,хор сыныбы,оркестр сыныбы,ерте эстетикалық  дамыту бөлім,хореография бөлімі,

театрлық  бөлімі,көркемөнер бөлімі ,даярлық сыныбы (көркемөнер мектебінің),бейіндік бағдарлау курсы (көркемөнер мектебінің),филиалдар (көркемөнер мектебінің),спорттық-сауықтыру бөлімі,туристік-өлкетану бөлімі,бейінді және кәсіпке дейінгі бөлімі,

көркемдік-эстетикалық бөлім,лингвистикалық бөлім,

1700 тенге

2

" Осакаров ауданының оқушыларға қосымша білім беру орталығы " коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорыны

1. Математика үйірмесі, тіл дамыту (логопед), ағылшын тілі.

1500 тенге

2. Кружок хореографии

500 тенге

3. Вокал үйірмесі, қуыршақ- театр үйірмесі, көркем-эстетикалық бағыттағы үйірмелер (сәндік композиция, кесте тігу, бейнелеу өнері, құрақ тігу шеберханасы және басқалар да үйірмелер),спорттық үйірмелер,өлкетану үйірмесі,лингвистикалық үйірмелер,қазақ тілі.

 

 

300 тенге

Жеңілдік тарифі 50%

1. Оқушы  екі және одан да көп  бөлімдерде  оқыған жағдайда ( 1 бөлімнің  бағасы толық 100%,екіжәнеодан  артығырақболса  50%).

2.Біротбасынанбірнеше бала қатысқанжағдайда ( бірбілімалушы 100%, одан кейінгі 50% бөлімдерге ақысын төлейді).

Тегін  оқиды:

  • Көп балалы  отбасынан шыққан балалар;
  • Жетім балалар,ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • Даму  мүмкіндігі  шектеулібалалар, мүгедектер және  бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар.

 

 


Дата редактирования: 03 Апреля 2019 12:46

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»