В Осакаровке:  11°C , Влажность 66%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Е С К Е Р Т У

Е С К Е Р Т У

 Осы арқылы Сізге бүгінгі таңда аудан көлемінде әр түлік малдардың ұрланып немесе із – түссіз жоғалып кетуі күрт көбейіп кеткендіктен мал ұрлығын болдырмау, оның алдын алу, тосқауыл қою іс – шараларына байланысты өзіңізге қарасты жеке меншік малдарыныздың дұрыс бағылуын, түңгі мезгілде дұрыс қамалып, оның күзетілуін, мал қораларының (баз) есік терезелерінің бекем болуын, сонымен қатар қоспа малдардың иелерімен тиісті келісім шарт жасау, жеке меншік малдарыныздың (шаруа қожалығыныздың) санын жергілікті әкімшіліктегі шаруашылық кітәбінде нақты саны бойынша дұрыс тіркеліп жұмсалғанына қарай есептен шығарып отыру, жергілікті елді мекендердегі ветеринарлық инспекторларына барлық мал басын таңбалау, әр мал басының кітәпшасын ашып, есепке алу жұмыстарын жүргізілуін қадағалауларыңызды сұраймын. Бүгінгі таңда көптеген елді мекендерде мал бағылуы мүлдем ұйымдастырылмаған. Осының салдарынан бағусыз жүрген малдардың топ-топпен жоғалып кету фактілері және автокөліктердің тас жолдарына шығып кетіп, жол көлік оқиғаларына басты себеп болып отыр. Осы жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді тез арада жоюға ықпал етуіңізді сұраймын. Сонымен қатар бақташы ретінде жұмысқа қабылданған азаматтармен шаруа қожалықтарының жетекшілерінің арасында келісім – шарт жасалуын қатан түрде жүктеледі. Егер, мекен – жайы мен ешбір төл – құжатттары жоқ /БОМЖ/ азаматтар жұмысқа қабылданған жағдайда, оларды учаскелік полиция инспекторының тарапынан қабылдау үйлестіру орталығына жолдау жөнінде, жұмыстар атқарылатынын ескертемін. Жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтау мал ұрлығын алдын-алуыға ықпал етеді.

Қарағанды облысының ІІД ЖПҚ Осакаров АІІБ ЖПҚ 

 

Осакаров ауданының ІІБ криминалдық полиция бөлімшесі Сіздерді, жалпы алаяқтықтын, оның ішінде телефон арқылы және әлеуметтік жиелерді қолдана жасалатын алаяқтықтардың жиіленуі туралы ескертеді және сақтандыруда. Сондай-ақ, бірқатар алаяқтықтар банктерден несие алу мүмкіншіліктерін қолдана жасалады.           Алаяқтықтың тәсілдері күрделі және жан-жақты бола келеді. Алаяқтықтардың жан-жақты бола келуі, азаматтардың жеңіл жолмен келетін пайда құмарлығынан, қайда бір мәселелердің шешілуінің жалған мүмкіндіктеріне тым сенімдлілігіне байланы екені айқын.           Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес, алаяқтық бөтеннің мүлкін жымқұру, немесе алдау, немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты емдену болып саналады.           Адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен жасалуы мүмкін, бірнеше рет, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен, мемлекеттік сатып алу саласында, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкіліттік берілген адам, не оған теңестірілген адам,не лауазымды адам, не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған алаяқтық, егер ол өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса.            Ағымды жылда, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстарғанда алаяқтықтардың саны 33,3%-ға, яғни 3 тен 4 дейін өскен. Орташа ауыр алаяқтықтардың саны 200%-ға, яғни 1 ден 3 дейін өскен.           Алаяқтықтар ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде жасалуы мүмкін.Ол жағдай қылмыс нәтижесінде келтірілген залал мөлшеріне тікелей байланысты. Қоғамымыздың заманауи өну деңгейі ұсынған мүмкіншіліктердің бәрін пайдалана отыра, зиянкестер бір ғана – әлеуетті құрбандардың ақшалы құралдарымен, олардың мүліктерін немесе өзге де мүлкін ерікті түрде иеліктен шығару арқылы иемдену - мақсатын көздейді.            Алаяқтыққа ұшар әлеуетті құрбан азаматтардың осалдығын бір қатар басқа да объективті факторлар ауырлантырады.            Мұндай факторлар интернет ресурстар арқылы ауызша мәмілелер жасасу мүмкінділігінің кеңейтілуі, оферта және акцепт түрінде (бір немесе басқа тәсілмен интернет ресурстар арқылы ұсыныс пен сұраныс жариялануы)болып табылады.             Ұялы байланыс компанияларының мүмкіндіктерін, «Whats app», «Face book», «Instagram» және де бақса әлеуметтік жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалану.            Зиянкестер, әлеуетті құрбандарына телефон шалып, олардың туыстарының біреуі, немесе жақындарының және қымбат адамдарының біреуі (полицияға тұсу, басқа тараптарға қаржылық қарыздарға ұшырау т.б.)күрделіөмір жағдайынаұшар болғандығы туралы жалған жаңалықты хабарлайды да, туындаған мәселені белгілі бір ақша сомасын әлде басқа мүлікті аудару немесе беру арқылы шешу жолдарынұсынумен жүзеге асырылатыналаяқтықтардың түрі әсіресе кең таралған.           Зиянкестер,жалған, шешімі жок жағдайларды туындату, жене сендіру арқылы әлеуетті құрбандарды банктен несие өндеуге, несие сомасын қолма-қол ақша түрінде өз еркімен берулеріне мәжбірлеу әдістерімен жүзеге асырылатын алаяқтықтардың түрі декөбінен кең таралған.            Тұлғаны анықтайтын құжаттарды, ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірлерін), несие және банктік картоларын, сондай-ақ басқа реквизиттерді қолданабанктен және де басқа несиелерді өндеу арқылы алаяктықтар да бар.           Интернет ресурстарындағы жарнамаларда ұсынылған тауарлардың төлемін құрбандар алданала төлеу немесе төлемін аудару жолымен жүзеге асырылатын алаяқтықтарда кеңінен орын алады.           Құрметті жерлестер, аудан тұрғындары мен қонақтары, алаяқтық тәсілдері таңқаралық неғұрлым кең.            Коммуникация дамынуының қазіргі замандағы деңгейі, алаяқтықтың жаңа тәсілдерінің туындауына және кең тарауына шексіз мүмкіншіліктер ашады, зиянкестердің «көленкеде» қалып, әділ азаматтардың ақшалай құралдарын және мүлкін иемденуді жалғастыруларынаәр-түрлі жол береді.            Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ бұзылған құқықтары мен заңды мудделерін қалпына келтіру Қазақстан Республикасының барлық құқық қорғау органдарының басты міндеті болып табылады.           Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі, олардың бұзылуына жол бермеу және алдыалу жолымен ғана тиімді іске асырылады.          Құрметті жерлестер, Сіздердің мүліктеріңізге әр-түрлі қастандықты алдыналу және бетін қайтару мәселесі барлық азаматтармен мемлекеттік органдарының күш-жігерін біріктірумен ғана мүмкін.           Ауызша және жазбаша мәмілелер жасаған сәттерде сергектік білдіріңіздер, қырағы болыныздар.            Ешқандай жағдайда, қандайда сылтау болмағанда, бейтаныс тұлғаларға, өз несие және банк клиент картоларыныздың пин-кодтарын, жеке құжаттарыңызды, жеке сәйкестендіру нөмірлерін, сондай-ақ басқа жеке реквизитеріңізді және Сіздерге тиесілі заңды тұлғалар, кәсіпорындар мен ұйымдардын реквизиттерін беруші болманыздар.           Ешқандай жағдайда, терминал арқылы күмәнді мәмілелер бойынша, белгісіз және анықталмаған тұлғаларға ақшалай аударма жасаушы болмаңыздар.           Ешқандай жағдайда, қандайда сылтау болмағанда,белгісіз және анықталмаған, күмәндітұлғалар ұсынған шоттарға ақшалай аударма жасаушы болмаңыздар.           Күмәнді жағдайлар туындағанда, күмәнді, белгісіз, анықталмаған тұлғаларға, және күмәнді мәмілелер мен ұсыныстар бойыншаақша құралдарын бермей тұра, немесе ақшалай аударма жасамай тұра Осакаров ауданының ІІБ-не 8-72149-4-13-82 әлде 102 телефондар арқылы хабарлаңыздар. Осы ақпаратты отбасы мүшелеріңіздің, туысқандарыңыздың және жақындарыңыздың назарына жеткізіңіздер, отбасылық үйірмеңізде талқылаңыздар.  


Дата редактирования: 31 Июля 2018 06:27

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»