В Осакаровке:  -1°C , Влажность 88%, Давление 713, ветер 2 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

2017 жылдың бірінші жартыжылдығына Қоғамдық кеңес бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 «Қоғамдық кеңестің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Осакаров ауданының Қоғамдық кеңесі Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы № 613 шешімімен бекітілді. Ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамына 14 адам кірді:
- Төрағасы – Ержан Алексеевич Сулейменов, аудандық мұрағаттың басшысы
- Хатшысы – Асия Муратовна Торебекова, «Осакаров ауданының мемлекеттік мұрағаты» КММ мұрағатшысы
Кеңес мүшелері:
- Канат Келгенович Саккулаков, Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы;
- Дулат Кайратович Садвакасов, жастар жұмысы бойынша орталықтың басшысы;
- Василий Васильевич Бережной, Молодежный к. ауруханасының директоры;
- Кабыш Кадырбекович Ельшин, Молодежный к. БЖСМ директоры;
- Евгений Миайлович Ермолаев, аудан тұрғыны;
- Шаукат Гисматуллович Нигматулин, аудан тұрғыны;
- Зура Тусупкалиевна Оскеева, аудан тұрғыны;
- Наталья Владимировна Ревякина, Осакаровка к. №9 гимназия директоры;
- Александр Арминакович Саульян, шаруашылық қожалығының басшысы;
- Николай Николаевич Харкалюк, «Рябина» ЭМБ төрағасы;
- Владимир Николаевич Яворский, ІІМ зейнеткері;
- Елена Марьяновна Врона, зейнеткер.
Қоғамық кеңестің отырыстары 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Жылдың басынан алты отырыс өткізілді, соның ішінде:
1. 2016 жылға арналған Осакаров аудан әкімінің есебі;
2. «2016 жылға арналған Осакаров аудандық бюджетінің орындалуы туралы» экономика және қаржы бөлімі басшысының есебі;
3. «Жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жердi ұтымды пайдалану туралы» жер қатынастары бөлімі басшысының есебі;
4. Мемлекеттік қызмет және этика кодексі туралы заңнаманы жүзеге асыру туралы Осакаров аудан әкімінің аппарат басшысының есебі; 
5. «Барлық пайдаланылмаған жарамды-егістік және суармалы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және айналымға тарту туралы» жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі басшысының есебі;
10 НҚА жобалары қарастырылды:
1.  «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» Осакаров аудан әкімі шешімінің жобасы;
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы 26 сессиясының № 262 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
3. «Родниковский ауылдық округінің Қарасу селосының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Осакаров аудан әкімдігі қаулысының жобасы;
4. Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2017 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
5. «Осакаровка к. көшелерінің атауын өзгерту туралы» Осакаровка кенті әкімі шешімінің жобасы;
6. «Осакаров аудандық мәслихатының аппараты» ММ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы;
7. Осакаров аудан әкімінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 01 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы Осакаров аудан әкімі шешімінің жобасы;
8. «Садовое ауылдық округінің Садовое селосы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Осакаров аудан әкімдігі қаулысының жобасы;
9. «Қаржыландыру және ата-аналардың төлем мөлшерлеріне, мектепке дейінгі білім беруге және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Осакаров аудан әкімдігі қаулысының жобасы;
10.  «Родниковский ауылдық округінің Қарасу селосы аумағында шектеу іс-шараларын жою туралы» Осакаров аудан әкімдігі қаулысының жобасы.
ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына сәйкес, Қоғамдық кеңес сәйкес мемлекеттік органның бірінші басшысымен, немесе оның міндетін атқаратын тұлғамен қол қойылатын, бір ай ішінде, ал 1) тармақ бойынша он жұмыс күн ішінде дәлелді жауап беретін, сәйкес мемлекеттік органға ұсыныс енгізеді.
2017 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің өкілдерімен, Әдеп кеңесінің төрағасы – Ж.Ш.Сәрсеновпен, аудан әкімімен, ауылдық округ әкімдерімен, бөлім басшыларымен, жергілікті қоғамдастықтардың төрағаларымен «Осакаров ауданында мемлекеттік қызметтерді дәріптеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айында діни істер министрлігінің Азаматтық қоғам істер жөніндегі комитетінің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық басқармасымен және Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамы және мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебінің өкілдерімен, Назарбаев университетінің профессоры – Колин Никсамен бірлесе «Қоғамдық кеңес: Осакаров ауданы Қоғамдық кеңесінің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында отырыс өтті.
Қоғамдық кеңестің төрағасы және мүшелері мәслихаттың сессиясында, аудандық әкімдікпен жүргізілетін жиындарда және аудандық іс-шараларға белсенді қатысады.


Осакаров ауданы
Қоғамдық кеңесінің
Төрағасы
Е.А.Сулейменов
 


Дата редактирования: 20 Июня 2017 15:24

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»