В Осакаровке:  10°C , Влажность 83%, Давление 708, ветер 12 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Осакаров ауданының әкімдігінің

                                                                                   2017 жылғы «_16қазан

                                                                                   № 56/01  қаулысымен                                                                             

                                                                                   бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осакаровка кенті

                Осакаров ауданы әкімдігінің

                 2017 жылғы «16» қазан    
        № 56/01  қаулысымен

                  БЕКІТІЛДІ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

            1. «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

              2.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бағынышты ведомствалары бар:

              Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаровка кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

              Осакаров ауданы әкімдігінің «Молодежный кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

            3.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

            4.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

            5.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

            6.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

            7.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Осакаровка  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

            8.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Осакаров ауданы әкімдігімен бекітіледі. 

            9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Целинная көшесі, 5 «Б» үй, индекс 101000.

            10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

            11.Осы Ереже «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

            12.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

            13.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Осакаров ауданының дене шынықтыру және  спорт  бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің  функциялары  болып  табылатын   міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі   заңнамалық   актілермен  кірістер  әкелетін  қызметті  жүзеге   асыруға құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

            14.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқару мен салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

            15.Міндеттері:

            Осакаров ауданы аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;            бұқаралық, ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

            Елбасының – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тестілерінің орындалу жұмыстарын бақылау және ұйымдастыру.

            16.Функциялары:

            Осакаров ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады;

          жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылым жасайды;

            аккредиттелген жергiлiктi спорт федерацияларымен бiрлесiп, спорт түрлерi бойынша аудандық, спорттық жарыстарды өткiзедi;

            спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

            Осакаров ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етедi;

            Осакаров ауданы аумағында аудандық дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

          спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-   разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;

            мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;

            спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;

            Осакаров ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

            Осакаров ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;

            аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша ауданның құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады;

            ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;

            дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;

            аудандық спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

            аудандық мамандандырылмаған балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

            спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

            жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

            17.Құқықтары мен міндеттері:

            бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын, бұқаралық, ұлттық спорт түрлерін, мүгедектер спортын дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалық-әдіскерлік құжаттардың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

            конференциялар, семинарлар және тағы басқа оқыту түрлерін ұйымдастыру және өткізуге қатысу және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасу;

            дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғарыда тұрған органдарға ұсыну;

            заңнамамен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

            18.«Осакаров  ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

            19.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

            20.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

            мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады;

            тікелей аудан әкіміне бағынады және мекемеге жүктелген функцияларды орындауға жауапты;

            дара басшылық қағидасында әрекет жасайды және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеменің қызметінің мәселелерін өз еркімен шешеді;

            өз құзіреті шегінде мекеменің қызметшілерін   және  «Осакаровка кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» және «Молодежный кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

               өз құзіреті шегінде мекеменің қызметкерлеріне және ведомствалық  ұйым басшысына ынталандыру шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

            өз құзіреті шегінде мекеменің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрық шығарады және нұсқау береді;

            мекеменің қызметшілерінің өкілеттіліктерін анықтайды;

            жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

            мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу мақсатында атқарушы органдардан белгіленген тәртіпте материалдарды сұрайды және алады;

            мүдделі мекемелерді тартумен мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жиналыс шақырады;

            мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;

            барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;

            келісімдер жасайды;

            сенімхаттар береді;

            мекеменің іс-сапарлар, тәжірибе алмасу, республикалық және шет елдік оқу орталықтарына және біліктілікті көтерудің басқа да түрлері бойынша мекеме қызметшілерін оқытудың және біліктіліктерін арттырудың тәртібі мен жоспарын бекітеді;

            Қазақстан Республикасының заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

            «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

            21.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. 

            «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі  оған  меншік  иесі  мүлік,  сондай-ақ  өз қызметі нәтижесінде

  сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

            22.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.   

            23.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

            24.«Осакаров ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін   қайта   құру  және  тарату  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дата редактирования: 25 Ноября 2018 10:01

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»