В Осакаровке:  9°C , Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с
USD EUR RUB WAP
home
home home

Тұрғындар назарына

Тұрғындар назарына

5-6 маусым күндері Ақтөбе облысы аумағында террористерді жою бойынша антитеррористік операция жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдайды назарға ала отырып, Терроризммен күрес бойынша республикалық жедел штабтың басшысы – Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы, генерал-лейтенант В.З.Жұмақанов тарапынан ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген Тұрғындарды терроризм актісінің орын алу қаупі туралы хабарландыруларды және ақпараттарды бақылау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету Ережесінің 4-тарауына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында  террористік қауіптің орташа «сары» деңгейі 40 тәулік мерзімге белгіленді.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қоғамдық орындардағы және көліктердегі күмәнді адамдарға, иесіз жатқан заттарға (сөмке, қорап, түйіншек, қап, чемодан және т.б.), әсіресе, сымдар мен техникалық қондырғылар орнатылған бұйымдарға ерекше назар аударуларыңыз сұралады.

Күмәнді заттарға қол тигізбеңіздер.

Күмәнді заттарды, әсіресе, бейтаныс адамдардан ұсынылған заттарды сақтауға және тасымалдауға қабылдамаңыздар.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құжат тексерудегі жұмыстарына түсіністікпен қарап, қолдан келгенше көмек көрсетулеріңіз сұралады.

Дүрбелеңге жол бермей, мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйеніңіздер. 


Дата редактирования: 09 Июня 2016 12:16

Опрос

Сіздің назарыңызға, қандай шараларды қарсы әрекет үшін қабылдауға қажетке сыбайлас жемқорлыққа?

 Жаса халықпен үгіттің жұмысының ша антикоррупциялық дүниетанымның құралымына, төзбестікке сыбайлас жемқорлықтың айқында

 Жоғарылат халықтың құқықтықтың сауаттылығын туралы үшін сыбайлас жемқорлықты көзделген жазаның шараларының

  Жоғарыла правоохранительных органның қызметінің тиімділігін ша сыбайлас жемқорлықпен және коррупционерами күреске


© 2010 - 2015 Осакаров ауданы әкімінің аппараты
+7 (72 149) 41 8 42 Кері байланыс
Әзірлеуші және қолдаушы: Интернет компания «Creatida»